Құранмен қауышу (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу (Әр парадан негізгі үш тақырып)
07.06.2018 12:06
973
0

Он екінші  күн

12. пара (221-240 б.).

Бұл парада Һуд сүресі толығымен және Юсуф сүресінің алғашқы жартысы кездеседі. Юнус, Һуд, Юсуф, Ибраһим және Хижр сүрелері негізінде әлиф-ләм-ра (الر) хуруфул-муқаттаъамен басталатын сүрелердің тізбегі-сериалы болып саналады. Бәлкім, осы арқылы бұл 5 сүренің тақырып ортақтығына назар аударылуда және мән беріп оқылуы керек екендігі илхам берілуде. Мұндағы  негізгі тақырыптар:

А – Һуд сүресінің кіріспесінде (үгіттелуі бұйырылған) таухид, рисалат және ақыретпен байланысты қысқа мәліметтер берілуде. Осы кіріспеден соң алғашқы үмбеттерге жіберілген Пайғамбарлардың таблиғ сәтінде бастарынан өткізген оқиғалар (Юнус сүресіндегі қалған жерден) түсіндіріліп жалғасуда; ол жердегі Пайғамбарлардың қауымы мен қарым-қатынас/үгіттері және қауымдардың қарсы келулері айтылғанда, бұл сүреде болса оқиғалардың желісінде таблиғді жоққа шығарған және пайғамбарларға соғыс ашқандар әрі олардың жойылып кеткендіктері жайлы ашықталуда. Нұх  және тәкаппар елінің жойылуы (11/25-49), Һуд және айлекер елінің жойылуы (11/50-60), Салих және зұлым халқының жойылуы (11/61-68) Лұт және көргенсіз жұртының жойылуы (11/77-82), Шұғайыб және алдампаз елінің жойылуы (11/61-68), Муса және өзін тәңір санаған залым перғауынмен күресі және залымдардың құрдымы (11/96-101) баяндалып; «Әсте залымдарға бейімделмеңдер...» (11/113) әмірі және «Раббыларың жасағандарыңнан бейхабар емес» (11/123) сабағымен сүре аяқталып; Мұхаммед үмбетінің дәл сол қателіктерге түспеуін қалауда.

Ә – Сондай-ақ бұл парада Юсуф сүресінің алғашқы бөлімі кездеседі. Юсуф сүресінде текқана Юсуф пайғамбардың өмір баяны бастан аяқ айтылып, басқа бір жерде Юсуф жайлы бірде-бір мәлімет берілмеген. Сүре Юсуфтың көрген бір түсімен басталады. Осы түс арқылы әкесі Яғқуб пайғамбардың кішкентай Юсуфқа сүйіспеншілігі одан сайын арта түсті. Мұны көріп қызғаныштың қызыл мысығы мияулаған ағалары кішкентай Юсуфтан құтылу үшін құдыққа тастайды. Сол жергеи су іздеп келген бір керуендегі кісілер оны құтқарып Мысырға апарып құл ретінде сатып жібереді.

Б – Юсуфты сатып алған кісі Мысырдың билікте сырмақ шетіндегі бір қадірлі бегі болатын. Әйелімен бірге Юсуфты ержеткізіп бақты. Бірақ Юсуф өте көрікті бір бозбала болғандықтан бектің жары тарапынан сынаққа тап болады және әйел осы бейәдеп қалауы/көзі қарайғаны айналаға тараған соң ол кездегі өсек аяңды тию үшін; жазықсыз болсада Юсуфты зынданға тастатады. Өйткені нәтиже де ол бір құл әрі қадірі жоқ болатын. Зынданда Юсуф екі адаммен танысады. Бірде ол екеуі көрген түстерін айтады. Юсуф олардың түсін бірден жорымастан алдымен иман сенім жайлы түсіндіріп, үгіт айтады. Содан соң бұл түс, ол екеуінің біреуінің зынданнан шығып патшаның жанындағы кісі болатынын, келесісі болса дарға асылып өлтіріледі деп жориды. Кейін расымен солай болады. Құтылған адам патшаның жақын бір жандайшабы болып Юсуфты ұмытып кетеді. Жыл артынан жыл өтіп, патшаның көрген түсін ешкім жори алмаған соң, ол кісінің есіне түсіп оны зынданнан шығарады. Юсуф бұл түсті алдағы жеті жылдан соң үлкен бір жұт болады деп жориды. Ол жұтқа дайындық жасау қажеттілігін айтады. Осыған орай Юсуф, патша бұйрығымен Мысырдың эканомикалық (министрі) болып тағайындалады да дайындыққа қызу кіріседі. Осы кезде бектің жұбайы да ар азабынан болып Юсуфтың жазықсыз екенін әрі пәк болғанын мойындайды... (қалғаны келесі 13-ші парада жалғасады). 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

 

0 пікір