Құранмен қауышу-30 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу-30 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
19.07.2018 11:14
227
0

Отызыншы  күн

30. пара (581-600 б.).

Бұл парада ең көп сүре шоғырланған. Олар: Нәбә, Назиғат, Ғәбәсә, Инфитар, Иншиқақ, Бұруж, Тариқ, Әғлә, Ғашия, Фәжір, Бәләд, Шәмс, Ләйл, Дұха, Инширах, Тин, Ғалақ, Қадр, Бәийнә, Зилзәлә, Ғадият, Қариға, Тәкәсүр, Аср, Һумәзә, Фил, Құрайыш, Мәғун, Кәусәр, Кәфирун, Наср, Ләһәб, Ықылас, Фәлақ және Нас сүрелері. Бұл сүрелердің демегі; болашақты дұрыс оқи біліңдер әрі тақуа болыңдар түрінде еді.

30-шы парадағы негізгі тақырыптар:

А – Бірінші кезектегі сүрелер;Нәбә, Назиғат, Ғәбәсә, Инфитар, Иншиқақ, Бұруж, Тариқ, Әғлә, Ғашия, Фәжір, Бәләд, Шәмс және Ләйл. Бұл сүрелерде алдағы үлкен пәлекет болған Қиямет және одан кейінгі Ақирет өмірі жан-жақты ашықталумен қоса адам баласы есеп болмастан бұрын құлдыққа үнделуде. Ғабәсә сүресінде Таблиғ/үгіттің жалпыға жүргізілуі және ешкімнің төмен саналмауы керек екендігі ескертіледі (80/1-16). Қайдан білейік, мүмкін үгіт жасаған кісілерімізден Ибраһим, Мұса әрі Мұхаммедтер шығып бүткіл жер бетін ізгілікке бастайтын болар. Одан соң Тәкуир мен Инфитар сүрелерінде  қияметтің қияметі айтылуы жалғасын табады. Мутаффифин сүресінде болса САУДА ӘДЕБІ әрі адал ризық төңірегінде сөз болады (83/1-36). Бұруж сүресінде ЗАЛЫМДАРДЫҢ АҚЫРЫ (Асхабул-ұхдуд) арқылы айтылады (85/1-22). Тариқ және Әғла сүрелерінде Аллаһтың құдрет/күші әрі ұлылығы айтылып адамдар таухид сеніміне шақырылады. Фәжір сүресінде қиыншылықтардың таяуда аяқталатыны әрі залымдардың жоййлып тынатындығынан хабар береді (89/1-14). Бәләд сүресінде Меккеден әлемге жайылған үндеуге көңіл аударылады (90/1-7). Бұл мәселеде жетістікке жету үшін инфақ жасау (жомарт болу) жәнеде иман келтіріп ақиқатты және сабырды үгіттеушілер қатарынан болу (Шынайы мұсылмандардан болу) қажет екендігі ашықталады. Бұл жерде бізге Лайықтылық әрі Кімдік танымы танытылады (90/12-18). Шәмс және Ләйл сүрелерінде Аллаһтың нығметтері және адам баласының жауапкершіліктері еске салынады.

Ә – Екінші кезектегі сүрелер;  Дұха, Инширах, Тин, Ғалақ, Қадр, Бәийнә, Зилзәлә, Ғадият, Қариға, Тәкәсүр, Аср және Һумәзә. Дұха сүресі алдындағы Ләйл сүресінің жалғасы іспеттес. Бұл сүре де Аллаһтың пайғамбарға жасаған жәрдемі және демеуі еске алынып, оның да адамдарға және әлсіздерге жақсы мәміле құруы керектігі білдіріледі (93/1-11). Инширах сүресінде пайғамбарға жасалған жәрдем айтылуы жалғасын табады. Тин сүресінде ҚАСИЕТТІ МЕКЕНДЕРГЕ ант етіліп, адам баласының ең кемел жаратылғаны айтылып, олардан иман келтіріп ізгі амалдар жасау қажеттігі қаланады (95/1-8). Ғалақ сүресінде Меккеде тұңғыш түскен аяттар орын алады. Бұл арада адам баласының Аллаһтың есімімен уахиді (Құранды) оқуы әрі ілім-ғылыммен басқа адамдарға үгіт-насихат жасауы әмір етіледі (96/1-5). Қадр және Бәийнә сүрелерінде Құранның жер бетіне түсуі және ақыл-ойдың дамуындағы мақсаты ашықталады.  Тәкәсур сүресінде адам баласының тойымсыз қалауларының қабірге түскенге дейін жалғасатынына тоқталады 100/1-11). Аср сүресінде барлық нәрсенің ӨТКІНШІ екенін, тек қана иман, ізгі амал жәнеде ақиқатты әрі сабырды үгіттеудің мәңгі екендігі білдіріледі (103/1-3). Һумәзә сүресінде болса, Пайғамбар және мұсылмандарға дұшпандық жасаған, байлықпен биліктің өз қолында мәңгі болатынын есепке алған кісілер айтылып, бұлардың ХУТАМАДАН (барлық нәрсені тас-талқан ететін тозақтан) құтыла алмайтыны нақтылап тоқталады (104/1-9).

Б – Үшінші кезектегі сүрелер; Фил, Құрайыш, Мәғун, Кәусәр, Кәфирун, Наср, Ләһәб, Ықылас, Фәлақ және Нас. Фил сүресінде Аллаһтың жәрдемі еске салынып және ең қиын сәтте де Меккені піл жасағынан қорғағаны еске салынады (105/1-5). Құрайыш сүресінде жаңағы (фил сүресіндегі) нығметке орай араптардың жаһиллия кезеңіндегі басшылары болып сналатын Құрайыш тайпасының пұттарға емес Аллаһқа құлдық ұрулары керек екендігі ашықталады (106/1-4). Мағун сүресінде сол замандағы мушрик және мунафиқтардың адамдарға қалай зұлымдық жасағандары және құлшылықты тастап қоюлары айтылады (107/1-7). Кәусәр сүресінде мұсылмандардан, сол кездегі мушриктердің қателіктеріне бой алдырмаулары, құлдық жасап жомарт болулары қаланады (108/1-3). Кәфирун сүресі болса, бір жолдың айырымы тәрізді. Мұсылмандардың ешқашан Аллаһ пен қоса пұттарға табынбайтындары әрі ширк қоспайтындықтары баяндалады (109/1-6). Наср сүресі толықтай ең соңғы түскен кенже сүре. Қоштасу қажылығы кезінде Мекке де түскен. Бұл жерде Аллаһтың жәрдемі келіп жеңіс/фатх жүзеге асқан сәтте; әспенсіп кетпеу және адамдарға зұлымдық етпеу, керісінше Аллаһты ерекше еске алып қателіктер үшін истиғфарға жалғастыру қажеттілігі білдіріледі (110/1-3).Тәббәт (мәсәд) сүресінде Меккедегі алғашқы хаққа шақыру күндер еске салынып әрі Әбу Ләһаб баста мушриктердің қарсы шабуылы және қарғыстарының ешбір пайда бермегендігі керісінше өз-өздеріне зиян болғандарын баяндайды. Ықылас сүресінде ТАУХИД СЕНІМІ соңғы рет қаперге салынады (112/1-4). Фәлақ пен Нас сүрелерінде барлық жаманшылық атаулыдан және жаманшылықтың себепкері болған адам баласы және жын-шайтандардың зиянынан Аллаһқа сыйынумен аяқталады. (Қосымша қар.з. Рифат Орал, Куранла Вулушмак-2, (114 сүре: Иені Бир Дүниянын Иншасы, 310-412 б.).  САДАҚАЛЛАУЛ-ЪАЗИИМ (Аллаһ Құранның басынан соңына дейін ақиқатты айтты).

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

14.06.2018 / 29 Рамазан 1439 х.

 

0 пікір