Құранмен қауышу-29 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу-29 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
19.07.2018 11:11
327
0

Жиырма тоғызыншы  күн

29. пара (561-580 б.).

Бұл парада Мүлік, Қалам, Хаққа, Мәғариж, Нұх, Жинн, Мүзәммил, Мүддәссир, Қиямет, Инсан және Мүрсәлат сүрелері толық келеді. Осы парадағы сүрелердің аяны; Аллаһтың үкімгерлігін қабыл етіңдер, уахиға және пайғамбарға жәрдемдесіңдер, үгіт жасағанда сабыр етіп және таяған пәле-қала болған қияметке және сұралуға дайын болыңдар кейпінде келеді.

 

29-шы парадағы негізгі тақырыптар:

А – Алғашқы боп келген  Мүлік, Қалам, Хаққа, Мәғариж сүрелерінің ортақ тақырыбы АҚИҚАТТАР (таухид, рисалат және ақырет) еді. Мүлік сүресінде, Аллаһ текқана өзі абырой иесі және барлық нәрсе Оған бағынады деп айтылып және адам баласының да өз қалауларымен тәслим болу керек екендігі айтылуда (67/1-30). Қалам сүресінде білімнің маңызы антпен қуатталған соң, НЕГІЗГІ БІЛІМ болған уахиға және оның тәблиғшысы пайғамбарға жәрдемші болу керек екендігі талап етілген (68/1-7).  Керісінше болса бақша иелері секілді жойылып кету қаупі бар екендігін алға тартады (68/17-32). Хаққа сүресінде жүзеге сөзсіз асатын пәлекеттен (Хаққадан) хабар беріледі (69/1-18). Бұл сүреде ақыреттегі екі түрлі топ кісі айтылып; Кітабы оңнан берілген ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУШІ КІСІ және кітабы сол жағынан берілген бақытсыз кісілер (69/19-52). Мәғариж сүресінде де алдыңғы сүреде басталған қиямет және ақырет тақырыптары айтылып жалағасады (70/1-18). Бұл арада екі түрлі кісі мысалға әкелініп; (ашкөз, сабырсыздық және сараңдық секілді) ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ БОЛҒАНДАР және (намаз, инфақ, намысты және сенімді болған) қуатты адамдар еді (70/19-44).

 

Ә – Екінші кезекте келетін сүрелер сүрені; Ақиқаттардың және дұрыс істердің адам балаларына жеткізілуі барысында еді. Бұл жерде Нұх, Жинн, Мүзәммил, Мүддәссир кезігеді. Нұх сүресінде, Нұх ғ.с үгіт өмірі шертіліп, бір үгітшінің сабыры, дұға және истиғфары бізге үйретіледі (71/1-28). Жинн сүресінде Аллаһ елшісінің (Мұса ғ.с секілді) Жындардың да елшісі екендігі, жындардың Құран аяттарынан әсерленулері әрі уахи мәселесінде шайтанның алдап соққандығын мойындаулары айтылады (72/1-17). Мүзәммил сүресінде болса, пайғамбардың алғашқы үгіт-насихаты кезінде сөзі әсерлі болуы үшін түнгі намазын жалғасты түрде оқуы керек екендігі ашықталады (73/1-11). Одан соң ешқашан тастамастан жалғастырған елші  және кейбір сахабалар хижреттен кейін түскен бір аяты-кәриммен мақталып мадақталады (73/20). Мүддәссир сүресінде де үгітті жалғастыру аса маңызды болғандығы және жабынтақтармен бүркеніп отырудан қарағанда үгіт жұмыстарының жалғасуы қажет екендігі түсіндіріледі. Үгіт-насихатта жалғасты және жүйелі болуы аса қажет дүние (74/1-7).

 

Б –Үшінші кезекте келетін сүрелер; Қиямет, Инсан және Мүрсалат еді. Қиямет сүресінде шоғырланған бір түрде қиямет және қайта тірілу тақырыптары айтылуы жалғасын табады (75/1-40). Инсан (Дәһр) сүресінде адам баласының жаратылысы, бұл дүние мен ол дүниедегі өмір салты қорытындыланады. Бұл адам баласының өмір көші болмақ. (Алдымен жоқ еді. Содан соң жаратылды, осы өмірде тура немесе адасу жолында, ақиретте болса ұжымақта немесе тозақта) (76/1-31). Бұл парадағы кенже сүре Мүрсалат сүресі. Бұл жерде Аллаһтың күші ақырғы рет бір еске салынады: дауыл, жұлдыздар, таулар және барлық жаратылыстың соңы болып саналатын ҚИЯМЕТ...(77/1-50).      

(Қосымша қар.з. Рифат Орал, Куранла Вулушмак-2, (114 сүре: Иені Бир Дүниянын Иншасы, 280-305 б.). 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

13.06.2018 / 28 Рамазан 1439 х.

 

 

0 пікір