Құранмен қауышу-28 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу-28 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
19.07.2018 11:09
1489
0

Жиырма сегізінші  күн

28. пара (541-560 б.).

Бұл парада Мужадәлә, Хашр, Мумтахина, Сафф, ЖҰМА, Мунафиқун, Тәғабун, Талақ және Тахрим сүрелерінің бәрі бар. Бұл парадағы сүрелердің бір бөлігі тәсбих, басқалары болса Пайғамбарға қаратыла айтылып басталған.

28-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А – Алғашқы сүрелер боп келген Мужадәлә, Хашр және Мутахинада ақының сақталуы үшін күрес және шешім жолдары айтылуда. Мужадәлә сүресінде зихар деген күйеуінен ажыраспау керек екендігіне тиесілі Пайғамбармен тартысқа түскен бір сахаба әйел мысалы арқылы АҚЫСЫН ІЗДЕУ және ақының қорғалу қажеттілігі ұсынылады. Зихар деген қараңғылық кезеңде ажырасу себебі саналған мен, Ислам келген соң бұл оқиғадан соң үкімі ауысты және Мужадәлә сүресінде бұл істің ант екені ашықталды. Бірақ жеңіл емес салмақты бір ант болғаны үшін кәффараты/өтеуі де басқаша болатын. Зихар берген кісі әйеліне қайта үйленгісі келсе 2 ай (аспан айы) үзбестен ораза ұстауы, оразаға күші жетпейтіндер болса 60 кедейді тойдыратын фидия берулері керек. Осыларды өтегеннен соң барып әйеліне қосыла алады (58/1-13). Хашр сүресінде Мәдинадағы алғашқы бірігіп бас қосқан түрде Яхудилердің қарсы шығуы (хашр) және осыған қарсы жасалған сапар және соғыс, кенелген олжалар және олардың бөліну мәселелері айтылуда (59/1-10). (Осы сүрені толық түсіну үшін Бәну Нәдір соғысы оқылуы қажет). Сүреде яхудилерді алдаған және бас көтерткен мунафиқтардың оларды жол ортада тастап кетулері және жәрдемге келмей қойған жағдай, шайтанның ақыретте алдағандарын тастап қашатыны және көмек қолын созбайтындығына ұқсатылған еді (59/11-17). Соңғы үш аят пен таухид сенімі қорытындыланып және таухид танымы берілуде. АЛЛАҺ: заты және сипатытары мен ұқсассыз, сәйкессіз, ең көркем есімдер Оған тиесілі (59/22-24). Кейін Мумтахина сүресінде хижрет жасаған әйелдердің жағдайы ашықталумен олардың отбасы және әлеуметтік өмірлерімен байланысты шыққан кедергілерге шешімдер ұсынылып және өмірдің бір емтихан болғандығы айтылуда (60/10-13).

Ә – Бұл парадағы келесі сүрелер Сафф және Жұма болып аталмыш екі сүре бірлік пен бірге болу мәселелерін айтуда. Мұсылмандардың дұшпандарға қарсы Аллаһ жолында бір-біріне қабырғалардай қаланып САП болған күйде соғысу керек екендігі әмір етілуде (61/4 және 11). Одан соң Аллаһ және елшісінң дініне бойұсынуымыз, осы мақсат үшін еңбек ету АЛЛАҺТЫҢ ЖӘРДЕМШІ ҚҰЛДАРЫ болуымыз қалануда (61/9-14). Келесі жұма ЖҰМА сүресінде де Құранды оқып, түсініп өмірді соған орай сүру жауапкершілігі түсіндіріледі және Яхудилер секілді жауапкершіліктен бас тарпау керектігі БІЗГЕ тағы қайталанып ескертілуде (62/5-8). Ары қарай жұма намазына шақыру, Пайғамбарды тыңдау және бағыну тақырыптары мен сүре тамам болады. ЖҰМА НАМАЗЫ ИСЛАМДА БІРІГУДІҢ СИМВОЛЫ болып саналады (62/9-11).

Б – Бұл парадағы үшінші кезектегі сүрелер; Мунафиқун, Тәғабун, Талақ және Тахрим сүресі. Бұлардың барлығы БӨЛІНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ тақырыбы төңірегінде одақтасады. Мунафиқун сүресінде ислам қоғамынан бөлінген және өздерін жасырған Мұсылман болып көрсетушілерге өте сақ болу керек аяны берілуде, олардың басты сипаттары ашықталып анықталуда (63/1-8). Сүре момындарға пайдалы кеңестер берумен аяқталады (63/9-11). Одан соң Тәғабун сүресінде де қияметтегі үлкен бас қосу күнінің (Яумул-жәмъ), негізінде осы дүниедегі алданулардың айқара ашыққа шығатын күні (Яумут-тағабун) екендігі ашықталады. Бұл дүниеде кімде*кім Аллаһқа иман келтіріп ізгі амал жасаса, ақыретте Аллаһ ол кісінің айыптарын жасырады әрі ұжмаққа кіргізеді (64/9). Бұл сүреде маңызды ақыл кеңестер мен тамамдалады. Дүние мүлкіңіз, жұбайларыңыз және балаларыңыз сендер үшін бір сынақ сынтастары болып табылады. Сақ болыңдар, бұл дүние сізді алдап арбамасын (64/12-18). Одан кейінгі ТАЛАҚ сүресінде болса ажырасу әдебі шертіледі. Аллаһ нәпсісінің құлы болған ерді де әйелді де сүймейтіні айтылады. Әйелдерді етеккір кездерінде ажырауға болмайтыны, тазару уақытының күтілуі қажеттілігі бұйырылады. Етеккір кездерінде ажырасу (талақ беру) тыйым салынған (харам). Бір сәтте бірден артық талақ арқылы ажырасу да осындай. (осы екі харамға мұсылман ерлер өте мұқияттылықпен сақтануы қажет). Сүннетке сай ажырасу; қажет сәтте жыныстық қатынас жасалмай, ТАЗА СӘТІНДЕ БІР ТАЛАҚ пен ажырасу болып табылады (65/1-2). Сосын әйел иддет күтеді: Хайыз көрген әйелдер, 3 хайыз бойы, хайыз көрмегендер, етеккірі тоқтағандар 3 ай және аяғы ауыр әйелдер де босанғанша ИДДЕТ күтеді. Осы аталмыш иддеттері аяқталған соң басқа біреумен үйлене алады 65/3-7). Бұл параның кенже сүресі Тахрим сүресі боп келеді. Бұл жерде Аллаһқа және елшісіне бойұсыну бұйырылады және Пайғамбарға жәбір берілмеуі талап етіледі. Әсіресе Пайғамбарымыздың жұбайларының сауысқандай сақ болулары әмір болады. Өйткені олар момындардың аналары болып саналады. Және басқа момын әйелдерге де үлгі болатын бір өмір сүрулері керек еді. Осы бойынша оларға өткен шақта өмір сүріп кеткен 2 игі және 2 кәпір болған төрт әйел мысалға беріледі. Үлгілі бір өмір сүріп перғауынның жұбайы Әсия және Ғимранқызы Мәриям секілді Ұжмақтық боласыздар немесе Нұх және Лұттың әйелдері секілді Тозақтық боласыздар деген үндеу тасталады. Жұбайлар бір-біріне көркем мәміле жасаулары және түсіністікпен қараулары қажет-ақ, сол арқылы бұл және келесі өмірлері ЖӘННАТ болсын (66/10-12), (Қосымша қар.з. Рифат Орал, Куранла Вулушмак-2, (114 сүре: Иені Бир Дүниянын Иншасы, 254-275 б.).   

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

12.06.2018 / 27 Рамазан 1439 х.

 

 

0 пікір