Құранмен қауышу-27 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу-27 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
19.07.2018 11:06
1744
0

Жиырма жетінші  күн

27. пара (521-540 б.).

Бұл парада Зәрият сүресінің соңғы жартысымен Тұр, Нәжм, Рахман, Қамар, Рахман, Уақиға және Хадид сүрелерінің бәрі бар.

27-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А - Зәрият сүресінің соңғы жартысында алғашқы үмбеттерден кейбір хабарлар әкелініп; 1- Ибраһимнің үгіт сапары, 2- Лұт қауымы және жойылуы баяндалады. Содан соң Тұр сүресі қасиетті нәрселер және жерлерге антпен басталады. Мушриктердің уахиға қарсы қылықтары әрі диологтары айтылады (52/9-28). Жетістікке жетелеген жолдар ашықталады (52/44-49). НӘЖМ сүресіде ант пен сөз бастау алып, рисалаттың жариясы әрі миғраж тақырыптары тілге тиек етіледі (53/19-30). Одан соң мушриктердің пұттары және қауқарсыздықтары, АЛЛАҺ-тың ұлы құдіреті және сипаттары баяндалады (53/41-62). ҚАМАР сүресінде қиямет еске салынып, мұғжизаға деген мушриктердің қылықтары айтылады (54/1-8). Бұл жерде Қранның ӨТКЕН ТАРИХ танымын қрастырудағы мақсаты, осы жағынан алдыңғы үмбеттердің уахиға деген қылықтары ашықталады (54/9-42).

Ә – РАХМАН сүресінде Аллаһтың құдіреті және нығметтері қаперге салынып, одан соң белгілі кезеңдермен адам баласы және жындарға; бұл НЫҒМЕТТЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫН ЖАЛҒАНҒА ШЫҒАРА АЛАСЫҢДАР сұрағы сұралады. УАҚИҒА сүресінде қияметтен кеййінгі ақырет жағдайлары және ол жердегі 3 топ айтылады.

Б – ХАДИД сүресінде Аллаһтың күші айтылу жалғасын табады (57/1-6). Содан соң жанкештілік және адамгершілік қалыптасуларынын сөз етіледі. Инфақ, қарзы-хасән және зікір мәселелері айтылады (57/7-20). Одан кейін барып ТАҒДЫР ТАҚЫРЫБЫ толық түрде екі аятта ашықталады (57/21-22). Соңғы аяттағы тақуалық кеңесімен де сүре тамам болады (57/28-29).

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

11.06.2018 / 26 Рамазан 1439 х.

0 пікір