Құранмен қауышу-23 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу-23 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
11.07.2018 16:21
237
0

Жиырма үшінші  күн

23. пара (441-460 б.).

Бұл парада Ясин сүресінің соңғы жағы, Саффат және Сад сүрелері толық, Зүмәр сүресінің бас жағы кездеседі.

 23-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А – Ясин сүресінің соңғы жағында жер бетінде Аллаһтың кәуни аяттарына, КОСМОС-қа (тәртіп әрі ерекше жүйе) назар аудартып және адам баласының ақиқаттарға ой жүгіртіп текқана Аллаһқа құл болу керек екендігі ашықталуда (36/33-47). Содан соң ақырет және тірілу/жандану ақиқаты еске салынып (36/48-68), бұл ҚҰРАН-ның шиър/өлең (адам баласының тыңдап ләззат алатын ғана бір кітап) емес, керісінше тірілер үшін (бүгінге және болашаққа тиесілі) ІРІ ЕСКЕРТУЛЕР-ді өз бойына сидырған маңызды бір аян екенін ашықтап түсіндіруде (36/34-43).

Ә – Содан соң Саффат сүресі келеді.Сүре періштелердің күші мен басталып кәдімгі сіз бе әлде олар күшті ме, олар АЛЛАҺҚА БОЙҰСЫНАДЫ да ал сіздер ше?.. сұрағы сұралуда (37/1-12), кейін Аллаһтың күшін қабыл етпгендердің зиянға ұшырауын және қабылдағандардың қол жеткізгендері айтылуда (37/13-74), Пайғамбарлар және олардың таблиъ істері, мушриктердің періштелермен байланысты жаңсақ сенімдері ашыққа шығарылып сүре тәмамдалады (37/75-182). Одан соң Сад сүресі келіп бұл сүре, алғашқы үмбеттің қателіктерін қайталамаңдар, ИМАН КЕЛТІРГЕНДЕР жеңіске жетеді илхамы берілуде. Сүре де, Құранның ақиқатты еске салатын бір кітап болғанын, Меккелік мушриктердің уахидің алдындағы жағдайларын, Жалған намыс, сасқалақтық әрі бөлінушілік болғанын ашықтауда (38/1-11), алғашқы қауымдардың да дәл сол қателікке түскендерін әрі жойылып кеткендері қаперге салынып (38/12-16), біздің құлдарымыз нағыз ҚУАТТЫ және жеңіске жетеді, жақында бұған көз жеткізесіңдер деп ескертумен сүре аяқталады (38/17-48).

Б – Сосын Зүмәр сүресі жалғасады. Бұл сүре де АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРҒА көңіл аударту бар. Сүренің бас жағында Құранның Аллаһтан келген бір кітап болғаны және Аллаһтың да жер мен көкті жаратушы тек ИЛАҺ және РАББ болғанының ақиқаты айтыла келе, ары қарай жақсы әрі жаман құлдың сипаттары ашықталады (39/1-22).

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

07.06.2018 / 22 Рамазан 1439 х.

 

 

0 пікір