Құранмен қауышу-22 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
Құранмен қауышу-22 (Әр парадан негізгі үш тақырып)
11.07.2018 16:16
179
0

Жиырма екінші  күн

22. пара (421-440 б.).

 

Бұл парада Ахзаб сүресінің соңғы жағы, Сәбә және Фатыр сүрелері толық, Ясин сүресінің бас жағы келеді.

22-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А – Ахзаб сүресінің соңғы жағында момындарға кейбір ескертпелер бар. ЖАУАПКЕРШІЛІК еске салынып және сүре алып таулардың қабылдамаған жүкті/жауапкершілікті адам баласының қабылдағанын еске оралтумен аяқталады (33/37-73).

Ә – Сосын кейін келген Сәбә және фатыр сүрелері Хамд мен басталып кәдімгідей бір-бірінің толықтырушысы болғаны шағылысқандай. СӘБӘ сүресінде АЛЛАҺТЫҢ НЫҒМЕТТЕРІ еске салынып ең үлкен нығметтің рисалат (пайғамбарлық/кітап жіберілу) екені ашықталып, бұл үлкен нығметті жоққа шығарушылар ақыретте жазаланатынын ескертумен сүре аяқталады (34/1-54). Бұл сүренің артынан ерген Фатыр сүресінде де Аллаһтың нығметтері еске салыну жалғасып, бірақ шайтан және дүние қызыл-жасылының алдамшы екені айтылып Аллаһтың жаратқан махлуқтары сөз етіліп және негізгі нығметтің Иесі ұмытылмау керек екендігі ашықталуда (35/1-44). Фатыр сүресі жасаған жаңылыс істер/күнәлар себебімен Аллаһ дереу азап жіберетін болса, жер бетінде ешкім қалмайтын еді, бірақ азап белгілі бір уақытқа дейін кешіктірілді, абай болыңдар ЕСКЕРТУІ мен аяқталады (35/45).

Б – Бұл парада Ясин сүресінің бас жағы келгенін атап өттік. Ясин сүресінде 3 негізгі аян бар болып табылады. Олар: Аллаһтың ескертулеріне құлақ асыңдар, Пайғамбарларды қолдаңдар және ақырет өмірін ұмытпаңдар. Сүренің бас жағында ТАУХИД ке жетелейтін жол рисалат және ақыретке сенімнен өтетіні еске салынуда (36/1-12), содан соң мысалдар арқылы Пайғамбарларды қолдаған/жақтағандардың және қарсы келушілердің соңғы жағдайы баяндалады (36/13-32).

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

06.06.2018 / 21 Рамазан 1439 х.

0 пікір