Құранмен қауышу-19
Құранмен қауышу-19
07.06.2018 12:46
203
0

(Әр парадан негізгі үш тақырып)

Он тоғызыншы  күн

19. пара (361-380 б.).

Бұл парада Фурқан сүресінің соңғы жағы, Шұғара сүресінің толығы және Нәміл сүресінің бас жағы келеді.

19 парадағы негізгі тақырыптар:

А – Фурқан сүресінің соңғы жағында Рахманның (хас/арнайы) құлдары және үлгілі сипаттары танытылады. Идеал момынның сипаттары бұл парада да жалғасын табуда: 1- Олар өте кішіпейіл, 2- Надандармен тартыспайды, сәлем деп өте шығады, 3- Түндері (тәһажжуд намазында) Раббыларына сәжде етеді және қиямда тұрады, 4- Дұға етеді, 5- Ақша тиын жұмсағанда орта жолды ұстайды; ысырап етпейді қараулық танытпайды, 6- Аллаһтың тыййым салған жанын қимайды және адам өлтірмейді, 7- Зина жасамайды, 8- Қателікке бой алдырса дереу тәубе жасап, күнәсінде қасарсымайды, 9- Жалған куәгерлік етпейді, 10- Бос/пайдасыз нәрселерді абыраймен тастайды, 11- Раббыларының аяты еске салынғанда саңырау мылқау секілді болмайды (дереу бойұсынады), 12- «Бізге әйелдерімізден және ұрпағымыздан көзіміздің нұры маңдайымыздың ағы боларлық үрім-бұтақ бер және тақуа иелеріне бек/ басшы ете гөр» деп дұға жасайды. Міне бұлар ұжмақтың ең жоғарғы мәртебесінде болатын кісілер болып саналады. Сүренің соңғы аяты; «Дұғаңыз болмаса, Раббым сізге не деп баға берсін»... түрінде аяқталады.

Ә –Бұл парада болған Шұғара сүресінде болса; адамдардың, Пайғамбарлардың жолын тастап Заманауи Санаға бой алдырулары сөгіледі және бұл қатерге көңіл аудартады. Өйткені өмір салтты басқа біреулер туғызып туындатады. Сол кездегі қараңғылық кезеңіндегі Шайырлар; залым басшылардың және байлардың қалауына сай жасампаз бір күн тәртібін сана қалыптастыратын еді. Бұл жерде «Қараңғылық шайырлары», жасампаз күн тәртібінің және түсінік отасының шебер символдары болатын. Шұғара сүресі осы қатерге мән беріп, адамдардың Пайғамбар және Кітаптың жолы болған сыраты-мустақимнен (тұп-тура жолдан) қалай адасқанын түсіндіреді және алғашқы Пайғамбарлар кезеңі және үмбеттерінен мысалдар келтіре келіп бұл қауіптің негізінде әрбір ғасырда жүзеге аса білетінін ашықтауда (26/10-190).

Б – Бұл парада Нәміл сүресінің бас жағы келеді деген едік. Нәмл сүресінде ҚҰРАНның адам баласы үшін нағыз бір ЖОЛБАСШЫ екені түсіндірілуде. Сондай-ақ тарихтағы Мұса, Сүлейман, Салих, және Лұт пайғамбарлардың көшбасшылығынан мысалдар беріліп; адам баласын тура жолға салу және адасуларынан құтқару үшін Пайғамбарлардың үгіт жұмыстары және үлгілі өмірлері ұсынылады (27/1-58)...   

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

03.06.2018 / 18 Рамазан 1439 х.

 

0 пікір