Құранмен қауышу-18
Құранмен қауышу-18
07.06.2018 12:44
414
0

(Әр парадан негізгі үш тақырып)

Он сегізінші  күн

18. пара (341-360 б.).

Бұл парада Мүминун және Нұр сүрелері толық, Фурқан сүресінің бас жағы келеді. Осы үш сүреде де негізі шынайы/идеал момынның сипаттары айтылады. 18-ші парадаға негізгі тақырыптар мыналар:

А – Мүминун сүресінің басында ұжмақтың ең әдемісі Фирдаус жәннатына кіретін момындардан қысқаша сөз етіледі (23/1-11).  Бұл сипаттар бойынша идеал момындар;

1 – Намаздарын ықыласпен өтейді, 2 – Бос/пайдасыз нәрселерді тастайды (уақыт олар үшін алтын), 3 – Зекет береді, 4 – Ар-намыстарын сақтайды, 5 – Аманаттарына (тастай) берік (сенімді кісілер). Содан соң Аллаһтың берген нығметтері (23/12-22) және бұл нығметтерге нанкөрлік етушілердің ақыры жайлы айтады (23/23-53). Мұсылмандардан осы қателіктерге ұрынбаулары қаланады (23/54-91).

Ә – Парадағы келесі сүре Нұр сүресі. Бұл сүре алдыңғы Мүминун сүресінің толықтырушысы іспеттес. Осыған орай:

Идеал момын, Мінез-хұлық деңгейі жоғары орамал мен жаулықты Аллаһтың бұйрығы деп қабылдаған, басқаның намысына тіл тигізбейтін, өсек-аяңның маңайына жуымайтын әрі тіліне ие болатын кісі болып табылады. Бұл сүреде екі үлкен пәлекетке көңіл аудартады: ол екеуі Зинақорлық пен Жазықсыз жала. Бұларға тиесілі жаза байкот (қоғамдық қысым) және ахлақи тәрбие тәлім жолдары айтылады. Бұл сүреде Идеал момынның сипаттары ахлақи тұрғыдан былайша ашықталады: 1-Зинадан қашады, 2-Басқа біреуге жала жаппайды, 3-Күнәлі іс жасаса дереу тәубе етіп қайтіп ол күнәні жасамайды, 4-Пайғамбар және жұбайларына құрметтері ерекше, 5-Орамалға мән береді, 6-Көздерін дұрыс басқарып харамға қарамайды, 7-Отау құруға үндейді, 8-Ертелі-кеш Аллаһты еске алып парыздарын орындайды, 9-Ұрпағын дұрыс тәрбиелейді, 10-Сауда-саттықтары оларды құлшылықтан тоса алмайды және 11-Отау/үйлеріне кірген сәттерінде сәлем береді әрі әйелдеріне жақсы мәміле жасайды (24/2-61).

Б – Бұл параның соңында болса Фурқан сүресінің алғашқы бөлімі орын алады. Алғашқы аятта: Құранның миссиясының әлем үшін бір ескертуші екендігі еске салынып (25/1), сосын барып әр түрлі нәрселерге көңіл бөлдіреді. Осы арқылы бір ӨЗГЕШІЛІК және ПАРҚЫНДА БОЛУ машығын қалыптастыруға мән беріліп: 1- Барлық нәрсені жаратқан (Аллаһ) мен еш нәрсе жарата алмайтын/бейбақ пұттар, 2- Ізгілер үшін Ұжмақ және жамандар/залымдар үшін тозақ, 3- Құранды қабылдағандар және қасарысқандар, 4- Пайғамбарлар қауым/үмбеттері, 5- Күн мен түн, жаңбыр және жұт, ащы және тұщы су, мәңгі және өткінші, көктер мен жерлер (25/2-62)... Құран осылайша «ФУРҚАН»дық ерекшелігімен сізде бір өзгешілік және парқында болу қабілетін қалыптастырады.  (қар.з. Рифат Орал, Куранла Вулушмак-2, (114 сүре: Иені Бир Дүниянын Иншасы, 156-162 б.).

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

02.06.2018 / 17 Рамазан 1439 х.

 

0 пікір