Құранмен қауышу-17
Құранмен қауышу-17
07.06.2018 12:40
214
0

(Әр парадан негізгі үш тақырып)

Он жетінші  күн

17. пара (321-340 б.).

Бұл парада Әнбия және Хаж сүресінің толығы келеді.

17-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А –Әнбия сүресі Пайғамбарлардың күрестері және Аллаһтың үкімінен сөз қозғайды. Сүренің кіре берісінде Пайғамбарларға үмбеттерінің қасарсулары айтылады (21/1-47); Ары қарай пайғамбарлардың жанкешті үгіт-насихаттары әрі залым қауымдарынан Құтылу мысалдары ақтарылады: 1 – Ибраһим ғ.с-нің үгіт-насихаты және оның оттан құтылуы, 2 – Лұт ғ.с-нің үгіт-насихаты және азаптан құтылуы, 3 – Нұхғ.с-нің үгіт-насихаты және оның топан судан құтылуы, 4 – Аюуб және сабырымен науқастан айығуы, 5 – Юнусғ.с-нің үгіт-насихаты және жазадан құтылуы, 6 – Зәкарияның нәсілінің Яхиямен жалғасуы, 7 – Мәриямның нәсілі Иса мен жалғасуы жайлы айтылады. Міне бұлар Ислам үмбетінің тарихи кезеңдері болып саналады. (21/48-91);

Ә – Бұдан соң Әнбия сүресінде пайғамбарлардан Соң үмбеттерінің жағдайлары баяндалып: 1 – діндерін талан-таражға салуы, өзгеріске ұшыратуы, 2 – ізгі-іс жасап адаспағандардың құтылуы, 3 – адасқандар дүние де және ақыретте азапталуы жайлы баяндалады (21/92-106).

Б – Хаж сүресінде Аллаһтың жер бетіндегі СИМВОЛДАРЫН біліп, оларды құрметтеу керек екеніміз айтылады. Қағба таухиттің символы, Сафа мен Мәруа жанкештіліктің символыболса Құрбан Аллаһқа жақындаудың символы болып табылады. Сүренің бас жағында адамдар тақуалыққа (жауапкершілікке) үнделіп өлім және өмір жайлы ой толғау керектігі талап етіліп (22/1-24); Сосын сүре ағысы Хажылық құлшылығына шоғырланып, таухид сенімі, Ибраһимнен бүгінге дейінгі қағбаның орыны және маңызы, хажылықта шалынған құрбандарға байланысты үкімдер, Аллаһ үшін өмір сүру және күресудің құндылығы айтылады (22/25-76). Бұл сүреде сәжде аяты да бар. Раббымыздың барлық әмірлеріне мойынұсынып бағынатымызды сәжде арқылы көрсетуіміз қаланады. Ибн Мәсъуд былай дейді: «Хаж сүресі ішінде сәжде аяты болып Аллаһ елшісіне түскен алғашқы сүре еді. Аллаһ елшісі сүрені оқып болған соң сәжде жасады және адамдар да сәжде етті...» (Хаким, 1/342 (803). Сәжде Аллаһқа құлдықтың шыңы әрі бағыныштылықтың символы болып табылады.  

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

01.06.2018 / 16 Рамазан 1439 х.

 

 

0 пікір