Құранмен қауышу-14
Құранмен қауышу-14
07.06.2018 12:27
1342
0

(Әр парадан негізгі үш тақырып)

Он төртінші  күн

14. пара (261-280 б.).

Бұл парада Хижр және Нахл сүрелері толық келеді.

14-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А – Хижр сүресінде жалылама: Аллаһ үшін өмір сүру және ол жолда күресу тақырыбы айтылады. (Хижр – Меккенің солтүстігінде Сәмуд қауымы мекен еткен жер аты). Бұл сүре Құранның жолбасшылығы мен басталып; ары қарай тарихтағы таухид сенімі мен ширк арпалысын қорытындылап, пайғамбарлармен күрескендердің ақырында неге ұшырағандарын айтып, Адам ата мен шайтанның күресі (15/52-84), Ибраһим мен азап періштелерінің арасындағы әгімесі (15/52-60), Лұт қауымының жойылуы(15/61-77), Шұғайыб пайғамбар халқы болған Әйкенің жойылуы (15/78-79) және Сәмуд қауымының мекені Хижр және олардаң жер бетінен жойылуы (15/80-84) баяндалады.

Ә – Сосын Хижр сүресі көркем аян/илхамдармен аяқталуда. Олар: Адамдармен жақсы қарым-қатынас жаса, құранды үгітте, олардың қолында болған күш сендерге әсер етпесін, момындарға жұмсақтық таныт, мүшриктерге жуыма, Раббың үшін тасбих жаса және Оған сәжде ет, өле-өлгенше құлшылықты жалғастыр... (15/85-99).

Б – Айтылып кеткендей бұл парада Нахл сүресіде бар.

Бұл сүреде:  таухид сенімімен байланысты басым бір дау ортаға тасталып; Уахиді жіберуші Аллаһ екені, әлемнің әрі сендердің жаратушысы болған Аллаһ деуде (16/1-34). Мүшриктер тек әрі дара болған Аллаһқа ортақ қосқандары үшін жер бетінде үлкен бір бүлікке себеп болуда және шектен тым шығып кетуде (16/35-47), Сендер Ибраһим пайғамбар секілді болыңдар, үгітті жалғастырып және қиыншылықтарға төзімді болыңдар. Тақуалық әрі ихсан иесі болыңдар (16/120-128)...

(қосымша қар.з. Рифат Орал, Куранла Вулушмак-2, (114 сүре: Иені Бир Дүниянын Иншасы, 125-131 б.).

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

29.05.2018 / 13 Рамазан 1439 х.

 

 

0 пікір