Құранмен қауышу-13 (Әр парадан негізгі үш тақырып
Құранмен қауышу-13 (Әр парадан негізгі үш тақырып
07.06.2018 12:12
1518
0

Он үшінші  күн

13. пара (241-260 б.).

Бұл парада Юсуф сүресісінің соңғы жартысы, Раъд және Ибраһим сүрелерінің толығы келеді.      13-ші парадағы негізгі тақырыптар:

А – Юсуф сүресісінің соңғы жартысында Мысырдың қасындағы Орта шығыстағы жұт айтылады. Жұтқа әзірліксіз тап болған ел-адамдар Фалестина жақтан Мысырға келіп ішіп-жем сұрайды. Келген жандардың ішінде Юсуфтың ағайындары да болды. Бірақ суф оларды кешіріп азық беріп, әкелерімен бірге Мысырға көшіп келіп мекендеулерін қалаған. Яғқуб пайғамбардың қайғыдан көздері көрмей қалған-ды. Баласы Юсуфтың жейдесі әкелінгенде онымен көздерін сүртті, Аллаһтың қалауымен көздері ашылып көре бастады. Сосын бәрі бірге мысырға атттанды. Юсуф пайғамбардың жанына келген кезде барлығы оған құрмет үшін еңкейді (Яғқуб пайғамбар және 11 ұлы). Осылайша Юсуфтың бала кезінде көрген түсі айна-қатесіз жүзеге асты. Сүренің соңында Юсуфтың бір хұтпасы және дұғасы кездеседі (13/100-101). Юсуф сүресі Меккедегі жағдайлары өте мүшкіл Мұхаммед (с.ғ.с)пен сахабаларына бір дем беруде, алдағы іске асатын Құтты көш және Елге дайындауда болатын. Олардың да Юсуф секілді жеңіске жететіндеріне шүйіншілеуде еді.

Ә – Сосын Раъд сүресі басталады. Бұл жерде Құранның күшпен құдірет иесі Аллаһтан келгенін және Оның күшінің, жермен көктің жаратылуы әрі жүйелі қозғалысы, тірілу, білім, найзағай жарқылы (раъд) және періштелердің бой ұсынуымен іске асуын еске салады. Адамдар сенім және бой ұсынуға шақырылады әрі жүректердің Аллаһты зікір етумен тынышталатыны ашықталады (13/28). Бұл жерде әсіресе салихалы момынның сипаттары айтылып; Олар уәделерінде тұрады, рисалатқа үнемі бағынады делінген (13/19-33).

Б – Сондай-ақ бұл парада Ибраһим сүресі бар. Бұл сүреде кітаптың әрі пайғамбардың жолбасшылығы айтылып, Муса, Нұх, Ад және Сәмуд қауымдарының мысалдары ұсынылады. Олардың бір жартысы пайғамбарларын жоққа шығарып елден қуып немесе өліммен қорқытқан болатын. Осы нәрселер Мұхаммед (с.ғ.с) мен сахабалары үшінде солай еді (14/3-34). Сүренің соңында болса Ибраһим пайғамбардың ұзын әрі көркем бір дұғасы орын алуда (14/35-41)... (қар.з Рифат Орал, Куранла Вулушмак-2, (114 сүре: Иені Бир Дүниянын Иншасы, 118-125 б.).

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы

Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы

Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

28.05.2018 / 12 Рамазан 1439 х.

 

 

0 пікір