Құранмен қауышу-11
Құранмен қауышу-11
29.05.2018 16:59
1479
0

(Әр парадан негізгі үш тақырып)

 

Он бірінші  күн

11. пара (201-220 б.).

Бұл парада Тәуба сүресінің соңы және Юнус сүресінің толығы келеді. Мұндағы  негізгі тақырыптар:

А – Тәуба сүресінің соңғы жағында тәубе және истиғфар тақырыбы талқыланады. Бір пайғамбардың мушриктер үшін истиғфар етуінің және кешірім сұрауының дұрыс емес екендігі айтылуда. Осыған байланысты хз. Ибраһимді мысалға береді. Өйткені ол күпірлік етуші әкесіне истиғфар тілеген болатын. Алла  болса муһажир, ансар және басқа да ықыласты момындардың дұғасымен истиғфарын қабыл етеді. Осы орайда Тәбук соғысына қатыспаған, бірақ кейін қатты өкініп тәубе еткен 3 сахабаның жағдайы еске салынады. Бір айдан астам уақыт жалғасып бұл тәубе-өкініш кезеңі, қоғамдық байкот және жер бетінің оларға тар келуі бір кезде тәубелерінің қабыл болуы және 3 сахабаның құтылуы біз үшін аса маңызды бір сабақ (9/118).

Риядус-салихин атты хадис еңбегінің басындағы тәуба бөлімінде, тәубе еткен бұл 3 сахабаның ерекше оқиғасы айтылады. Қайткен күнде ол оқиға секілді әртүрлі тәубе тақырыптары оқылу қажет.

Ә – Бұл парада Юнус сүресі де орын алады. Алғашқы бөлімінде Пайғамбарымыздың рисалат/елшілік ісі, адамдарды дінге шақыруы және олардың көрсеткен қарсылықтарына ұсынған Мұсылмандық ұстанымы айтылуда. Бұл тақырып барлық үгіт/уағыз айтушылар үшін өте маңызды бір бөлім болып саналады.

Б – Юнус сүресінің екінші бөлімінде алғашқы 3 пайғамбардың таухидке үндеуі, рисалат міндеті және жаһиллия қоғамы алдында ұстанған ұстанымдары баяндалады. Бұл таухид табандылығы барлық пайғамбарлардың сүннеті (өмірлік ұстанымы) екендігі ескеріледі және барлық уағызшыларға бір илхам сырын ақтарады.

 

 

Аударған: Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылдық «Талапкер» мешітінің ұстазы Әбдікерім Берікбай Германұлы

Астана, Ислам орталығы

26.05.2018 / 10 Рамазан 1439 х.

0 пікір