ҚҰРАНДАҒЫ ҚҰМЫРЫСҚАНЫҢ АЯҒЫН СЫНДЫРУ ТУРАЛЫ
ҚҰРАНДАҒЫ  ҚҰМЫРЫСҚАНЫҢ АЯҒЫН СЫНДЫРУ ТУРАЛЫ
04.08.2020 11:34
1036
0

Батыстың белгілі ғалымдарының бір тобы жиналып, қасиетті Құраннан қателік табуды ұйғарыпты. Нәтижесінде олар «Нәміл» сүресінің 18-аятына келіп тоқтайды. Онда былай деп жазылған:

«Сүлейменнің әскері құмырсқалар алқабына келгенде, құмырсқаның басшысы: «О, құмырсқалар! Илеулеріңе кіріңдер, себебі Сүлеймен мен оның әскері сендерді сезінбестен жаншып, сындырып өтіп кетіп жүрмесін» дейді».

Ғалымдар осы аяттағы «яхтимәннәкум» сөзінің қолданылуы қателік деп шешіпті. Яғни, тура мағынасы «сындыру» дегенді білдіреді. Олардың аргументі бойынша: құмырсқа еттен тұратын жәндік. Яғни, ол сынбайды, керісінше мыжылады. Бұл аяттағы сындыру сөзінің орнына мыжылу сөзі қолданылу қажет дейді.

Арада екі жыл өтпей австралиялық биолог ғалымдар құмырсқаның денесін эксоскелетон деген жұқа шыны қорғаныш қабаты қоршап тұратынын дәлелдеді. Яғни, құмырсқаны байқаусызда басып кетсе, ол мыжылмайды, сынады.

Міне, осылайша он төрт ғасыр бұрын түскен құдайы кітаптың ғылымнан жоғары тұратыны, ғылымнан хабар бергені тағы да айқындалды.

 

Мирас КЕСЕБАЕВ

 

0 пікір