Құранда Алла-Адам-Тіршілік үшбұрышы қамтылады
Құранда  Алла-Адам-Тіршілік үшбұрышы қамтылады
24.05.2019 11:15
507
0

«Уа, адамдар! Мінеки сендерге Раббыларың тарапынан бір насихат, жүректерге шипа және адамдар үшін жол сілтеуші бір жол көрсетуші ретінде Құран келді.»(Жүніс сүресі, 57-аят)

Қасиетті кітабымыз Құран адамдардың дүниесі және ақыреті үшін үгіт, көңілге нұр себетін рухани шамшырақ, өмір сүру үшін жүгінетін жол сілтеуші әрі барша адамзатқа жіберілген бір мейірімнің қайнар көзі.

Құранның басты тақырыбы Алланың бар және бір болуы. Оның көздегені  Алла-Адам-Тіршілік үшбұрышы арасындағы қарым-қатынас. Осылайша адамның Раббысымен, өзге  адамдармен және әлеммен болатын қарым-қатынасын ретке келтіретін бір жолсерік. Құранның көздегені адамның Дүние мен Ақыреттік бақытын қамтамасыз ету. Иғтикадтық, көркем мінезге және амалға қатысты қай тұрғыдан болмасын адамдарға қажетті барлық алаңдарды қамтыған.

Құранды оқығанда тереңіне бойлап бізді көздеп айтылған мәселелерді жақсы қамту керек. Себебеі Құранның әмірі мен тиымдары барша адаидарға бағытталған үкімдерді қамтыған. Тек оқып ғана қоймай не айтылғандығына ой жүгірту  біз күткен пайдалы нәтижелерді береді.

 

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 

Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? (Абай)

 

 

 

 

0 пікір