Құранда 1400 жыл бұрын айтылып қойған!..
Құранда 1400 жыл бұрын айтылып қойған!..
11.02.2019 14:42
3639
0

Жуырда ғаламтордан әлемдегі барлық нәрсенің жұп-жұп болып жаратылғанын ғылыми түрде дәлелдеп 1933 жылы ағылшын физигі Поль Дирак нобель сыйлығына ие болған деген мәліметті  оқып таң қалдым. Өйткені бұл мәселені  1400 жыл бұрын Құранда айтылып қойған болатын. Өкініштісі адамзат бұны дәл 85 жыл бұрын ғана толық зерттеп, дәлелген  екен..

 Поль Дирак әлемдегі әр бөлшек, әр заттың, тіпті соңғы нүктесіне дейін өзінің қарама-қарсы жұбы болатынын дәлелдеді. Мысалы, электр зарядын алайықшы. Ол бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы оң заряд пен теріс зарядтан тұрады. Ботаник ғалымдар өсімдіктердің де өз жұбы болатынын айтқан. Мысалы, біз күнделікті көріп жүрген қарапайым гүлдердің өзі аталық, аналық болып бөлінеді. Аталық гүлден тозаң екінші гүлдің аналық аузына түсуі арқылы тозаңданып, бүршік атады. Гүл жарады.

Қасиетті Құранда: «Жердің өсірген нәрселерін, адамдардың өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп-жұп етіп жаратқан Алла барлық кемшіліктен пәк!»(«Йа син» сүресі, 36-аят)

«Ол жерді созып, онда таулар мен өзендерді пайда қылған және онда жемістердің әрбірінен жұп етіп екеу жасаған»(«Раъд» сүресі, 3-аят)

 «Алла сендер үшін жерді жазық қылып жаратты және жердің үстіне жолдар жасады. Әрі аспаннан су түсірді. Сөйтіп онымен әртүрлі өсімдіктерді жұп-жұп етіп шығарды»(«Та Һа» сүресі, 53-аят)

Шынында да, барлық нәрсені жұп-жұп етіп жаратып, өсіріп-өндірген, тіпті, адамдар бізді де жұптастырып, «бір-бірінен тыныштық, тыным тауып орнығуына» мүмкіндік берген Алла Тағаланың мейірімін айтып тауысу мүмкін емес!

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір