ҚҰРАН ОҚЫЛҒАННАН ЛЕЗДЕ БОЛАТЫН ҮШ ПАЙДА
ҚҰРАН ОҚЫЛҒАННАН ЛЕЗДЕ БОЛАТЫН ҮШ ПАЙДА
26.08.2020 10:34
2422
0

«Үйлеріңді Құран оқылмайтын қабірге айналдырмаңдар».

Иісі мұсылман баласы үшін күнделікті оның үйінде Алла Тағаланың сөзі айтылып тұрғаны маңызды. Күніне аз да болса Құранның оқылуынан үйге, сол үйде тұратн жандарға қайыр-береке бар. Құранның оқылуынан біздің үйімізге береке кіреді әрі ол бізді зұлымдықтан, жамандықтан сақтайды. Төменде Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүннетінде келтірілген Құранды оқудан лезде болатын үш пайданы келтіреміз:

1. Иманды сақтайды: үйлерінде үнемі Құран оқылып тұратын адамдар күпірлік пен шірктен ада болады.

2. Бүліктен сақтайды: Ибн Аббас бірде Жәбірейілдің (ғ.с.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бүліктің көп болатынын айтқандығын келтірген. «Бүлікті не болдырмайды?» - деп сұраған Алла Елшісіне (с.ғ.с) Жәбірейіл (ғ.с.): «Алланың Кітабы», - деп жауап берген. Демек, Құранды оқу бүліктен сақтайды. Егер үйде Құран оқылса, сол үйге береке мен тыныштық орнайды да шайтан қашады.

3. Дуагерліктен, қара сиқырдан сақтайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай айтқан: «Ішінде Құраннан ештеңесі жоқ адам қирап құлазыған үймен тең». Мұндай үйге шайтан оңай кіріп, өз әрекеттерін жасап, бүлдіріп кетеді. Әбу Хурайра (р.а.) былай айтқан: «Құран оқылатын үйде отбасы өркендеп, өсіп, берекелі болады, періштелер түсіп, шайтандар қашады. Құран оқылмаған үйде өмір қиындап, береке кетеді, періштелер жоламайтын болады, шайтандар басады».

 Ақерке Сыдықова

Asyldin.kz

0 пікір