ҚҰРАН ОҚЫЛҒАНДА ТЫҢДАҢЫЗ!
ҚҰРАН ОҚЫЛҒАНДА ТЫҢДАҢЫЗ!
07.02.2021 16:30
722
0

«Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхеметке бөленесіңдер!» (Ағраф204)

Осы аят Пайғамбарымыз (с.ғ.с) намаз оқып тұрған сәтте нәзіл болған. Әбу хурайра (р.а) риуаят етеді:

«Саийд ибн Мусайб(р.а): Пайғамбарымыз( с.ғ.с) намаз оқып тұрған кезінде мүшріктер келіп: «Бір-бірлеріне: Мұхаммед Құран оқып тұрған кезде оны тыңдамаңдар(оны жаңылыстыру үшін) шулай беріңдер!»дейді. Міне сол кезде осы аят түскен. (Қуртубий тәпсірі).

Кейбір деректерде бұл аят намазда сөйлемеу керектігі жайлы түскендігі айтылады.

Осы аятта «үндемеңдер» яғни  «анситу» сөзі Құран оқылған кезде, тыныштық сақтап оны соңына дейін тыңдау деген мағынағада саяды. Сондықтан хақ дінімізде жамағатпен намаз оқыған сәтте, имам қирағат еткенде, құтба оқылғанда жане Құран тилауат етілгенде, ықласпен көңіл қойып тыңдау бұйырылады.

Құран Кәрім мұсылмандарға теңдесі жоқ ұлы нығмет. Алла Тағала Құран Кәрімді былай сипаттайды: «...Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет» (Ағраф 203). Құран кәрім қирағат етілгенде сөйлемей, тыныш тұрып, тыңдаған және оған амал еткен пенде осы аяттағы сауапқа бөленіп, дүние ақиретінде жетістікке жетеді.

Осы аяттан Құран оқылғанда тыныш тұрып тыңдау уәжіп(міндет) екенін аңғарамыз. Ғибадат ниетімен, Ұлы Алланың сөзі екенін сезініп тыңдауымыз міндет болады. Құран Кәрімді  тыңдау журек тыныштығы шипа әрі адамды тақуалыққа жетелейді. Нәтижеде пенде Алла Тағаланың рахметіне кешіріміне қол жеткізеді. Әбу хурайра(р.а)дан риуаят етіледі: «Алла елшісі( с.ғ.с): Кімде кім Құран Кәрімнен бір аят тыңдаса бір сауап арттырылып беріледі. Кім Құран Кәрімді оқыса қияметте шапағатшы нұр болады»,-деді (Имам Ахмад риуаяты)

Құран күллі мұсылманға аманат, оны оқып үйрену өмірлік ұстанымға айдалдыру, бізді шынайы бақытқа қол жеткізтін жол. Бүгінгі мүмкіндік барда қасиетті кітабымызды үйреніп, оған амал етуді үйренейік ағайын.!!

 

                                                                          Бірлік Оспанов

 

0 пікір