Құран оқыған әйел қалай өзгереді?
Құран оқыған әйел қалай өзгереді?
14.08.2019 09:16
23836
0

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құран - он төрт ғасыр бойғы уақыт белесінен өтсе де бір әрпі де өзгермей келе жатқан ғажайып мұғжиза. Күніне жүз мыңдаған мұсылмандар Құранды оқып, одан рухани азықтанып, жүректерінің ең түпкі төріне сақтайды. Онда көптеген ғасырлар бойы расталған ғажайып ғылыми фактілер бар. Алла Тағала: "Ақиқатында, зікірді (Құранды) бізтүсірдікжәнебізоны (өзгерту, бұрмалаудан) сөзсіз, сақтаушымыз"(Хижр, 9), - деп Құранды қорғап, сақтайтындығы туралы уәде етті. Мұсылман  Құранды түсініп оқыса, аяттардың терең мағынасына ой жүгіртсе немесе оны өзгелерге үйретсе, оның өз өмірінде, әдеттерінде, ғибадатында, басқалармен қарым-қатынасында, ең бастысы -жан дүниесінде көптеген игі өзгерістер болады.

Сеніммен  ғибадаттыжетілдіру

Құран ілімі мұсылман әйелдің жүрегіне Аллаға деген махаббаты күшейтеді, Алланың құдіреті оның жүрегіне тереңнен бойлай түседі. Адамның сәулелі иманын кемелдендіруде,  Құранда айтылғандай, оның жүрегі  күнә мен кірден тазарады. "Аллағақұлшылықетіңдерде, оғанешсерікқоспаңдар" (Ниса, 36). Сондай-ақ мұсылман әйелдің дүниелік өмірге (киімге, әшекейге) деген шексіз қызығушылығы азаяды, тірлікте олардан да маңызды, мәнді нәрселердің бар екендігін түсінеді. Оның тахаратқа, өзінің отбасына, үйіне деген қарым-қатынасы өзгереді, сондықтан мүмін әйел Құранда баяндалғандай, маңызды нәрселерге көбірек көңіл бөледі: "Ақиқатында, Аллатәубешілдердіжақсыкөредіжәнетазаланушыларды  жақсыкөреді!" (Бақара, 222).

 Пайдасызуақытөткізуденбастартады

Құранды  саналы түрде түсінген мұсылман әйел бос уақыт өткізуден, мағынасыз бағдарламаларды көруден және кілең өсек-аяң, телефон арқылы айтылатын мәнсіз, жан дүниені қарайтатын бос әңгімелерден арылады. Құран мұсылман әйелді қоғамдағы айтылмыш зиянды әрекеттерден арылтып, ерлермен тығыз қарым-қатынас жасаудан, көңіл көтерулерден сақтайды. Осылардан сақтана отырып, мұсылман әйел  барлық уақытын пайдалы білім алуға, қайырлы істерге жұмсауға  жеткілікті уақыт табады.

 Мінез-құлқыменкиіміндегіқарапайымдылық

 Құранды көп оқитын мүмін әйел неғұрлым кіршіксіз тазалық пен  кішіпейілділікті  және қарапайымдылықты өзіне үлгі етіп, әрдайым салиқалы мінез танытады. Құран адамды тұңғыш шыққан табиғатына қайтарады, ол махрам емес адамдармен қалай сөйлесуге болатынын, қоғамда қалай киінуге болатынын және үйден тыс  жерлерде өзін қалай  салқынқанды әрі саналы ұстау қажеттілігін үйретеді. Оның  барлық болмысында, сөйлеу мәнерінде едәуір жақсы өзгерістер болады. Мәселен, оның киімінде, оның өзіндік үнінде, ерлермен сөйлеу мәнерінде, қысқасы, әйелдік нәзік тұлғасы, бәрі Алланың бұйрығымен сәйкес болып табылады: "Жәнеүйлеріңдеқалыңдарда, алғашқынадандықтыңжасануындайжасанбаңдар. Һәмнамаздыорындап, зекеттіберіңдер, АлламеноныңЕлшісінебойұсыныңдар. Уа, үйтұрғындары (Пайғамбарәулеті), асылында, Алласендерденжамандықтыкетірудіһәмсендерді  толықтайтазартудықалайды" (Ахзаб, 33).

Айналасындағыларменқарым-қатынасыжақсарады

  Құранды терең түсіну - жоғары деңгейдегі тақуалыққа, Алланың қаһарынан қорқуға, ұдайы Ұлы Жаратушыны еске алуға апаратын игі жол. Ол адамдармен қарым-қатынаста сақ болады, ешкімнің хақысын жемейді, өзгелердің құқықтарын бұзатын қадамнан қашық болады. Құдайдан қорқу, жалпы адамды шыдамды, сабырлы, өзгелердің қателері мен кемшіліктерін кешіруге үндейді. Алланың сөзі мұсылман әйелдің өміріне өзгеріс, мінезіне  кемел көркемдік сыйлап, әйелдің ата-анасымен, күйеуі мен туыстарына деген қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді. Құранның арқасында мүмін әйел олардың әрқайсысының алдындағы құқықтары мен міндеттерін біледі. Нәтижесінде, Алланың қалауымен, өзара түсіністік пен  махаббатқа, сүйіспеншілікке құрылған отбасындағы  сүйікті қызға, салиқалы әйел мен өнегелі, ардақты анаға айналып үлгереді.

 Жан тыныштығына қауышады

Ұлы Жаратушы Құранда: "Уа, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан бір үгіт, кеуделердегі (рухани кеселдер) үшін шипа мен мүміндер үшін тура жолбасшы һәм мейірім (  Құран) келді" (Жүніс, 57), - деп баяндаған. Құранның мұсылман әйелге сыйлайтын ең ғажайып тартуы, бұл - Аллаға деген пәк сүйіспеншілікке толы нұрлы жүрек. Осы жүрек күннен-күнге зұлымдық пен ызадан, өзгелерге деген өшпенділік пен қызғаныштан жырақта кәміл иманымен еркін тыныстайды. Бұл жүрек мұңлы шақтарда  Алланың  рақымынан ешқашан түңілмейді, қайта Алланың еркіне толық сеніммен бойұсынып, жаны рухани тыныштыққа қауышады.  Алла мұндай жүректі Құранда "сау" жүрек  деп атаған: "Мал да, балалар да пайда бермейтін күні, тек Аллаға сау (таза) жүрекпен келгендікі ғана пайда береді" (Шуғара, 88–89).

 АударғанМеруертБақдәулетқызы

islam.kz

0 пікір