«ҚҰРАН ОҚУДАН» ЕМЕС, «ҚҰРАН АУДАРМАСЫН» ОҚУДА АБАЙЛА !
«ҚҰРАН ОҚУДАН» ЕМЕС, «ҚҰРАН АУДАРМАСЫН» ОҚУДА АБАЙЛА !
03.08.2020 10:17
732
0

Ана тілімізде кейбір сөздер аса даналықпен қолданылғанын кейде еске алып таңқалмасқа шараң қалмайды. «Қалма, салма, шалма талма» тб-дай. Міне сол сөздердің бірі қазақ тілінде ғана қолданылатын «Аударма». Өткен игі-жақсы, хазірет-ишандарымыз аудармаға ынталана қоймаған. Бұл аударма еш болмады деген сөз емес.  Олардың аудармау себебі «Аудармаға алданба» дегені. Дегенмен сауысқандай сақтық танытып қылаяғы құлшылыққа қатысты ғылымхалды да аударға  қатты құныға қоймаған. Аударма негізгі түпнұсқа емес екені баршаға мәлім. Бірақ, өкінішке орай күнімізде аудармалар әсіресе  мазһаб ұстанбаймыз деген браттар мен Құран бізге жетеді деген ұраншыларға таза жем болуда. Біреуі Құран аудармасын, енді біреуі хадис аудармасымен ақиқат табамыз деп ыcқырығы жер жарып бара жатыр. Араб тілін кәсіби білу Құран, сүннетті аударуға мүлдем жеткіліксіз. Құран, сүннетке түсіндірме, аударма беру үшін болмаса болмайтын басты талабы тахқиқи иман иесі болуы шарт. Тіпті араб тілін білетін бір кісі фиқһ яғни шариғат ілімдерінің мәтіндерін аударуға тісі батпайды. Ал батырса ол оның үсті-басын былғары сөзсіз. Осы тақырып жайлы құрметті ұстазымыз Абдуллаһ Жолдастың құнды пікірлері бар. «... Дәрет алуды білмейтіндер, Құранға тәпсір жасайтын болды» - деуі ашынғаннан туған ақиқат.

Ал Исламның иман мәселесіндегі «Іргелі негіздер»ді аудару аса күрделі әрі өте нәзік. Өйткені өзге тілде баламасын бергенді қойып, сол араб тіліндегі синонимін берудің өзі біраз адастырып жібереді. Бір мысал айтар болсақ «Истәуә» сөзі сол күйінде қалмаған жағдайда қайда апара жатқанын бәріміз білеміз. Қазір мешіт жамағаттарының арасында Құранның аудармасын оқу әдетке айналып жатыр. Жақсы іс. Бірақ ертең олар Құранда мынау бар екен, анау жоқ екен деп сол жерде оқығанымен ғана шектеліп һәм білгірсіп жүрсе оның аяғы жақсылыққа апармайды. Сондай-ақ басып айтар бір ұсыныс, Құран Кәрімді «Ғұламалар» бас қосып аударып қадағалауы қажет. Тек аударма емес арапша Мұсхафтың баспасының өзі тікелей қадағалануға алынбаса, бірізділікке салынудың ауылы тым алыс. Қарапайым ғана параның аяқталуы, тыныс белгілері бірдей болмау, бұл үлкен келеңсіздік әрі кері қалудың басы (ауд). Ал енді мен, «аударма» жайлы аудармамды бастайын. Бұл біздің қазіргі анық келбетіміз. Сөзімізге ісіміз сай келмей жатады. Сонымен:

 

Аударма ғана шынымен жеткілікті ме?

Біз адамдарды «Құран оқудан» емес, «Құран аудармасын» оқуда абайлауға үндейміз. Өйткені «Құран оқу» мен «Аударма оқу»дың айырмашылығы, «Құран» мен «аударма» арасындағы айырмашылықтан туындауда.

Аударма оқыған кісі, негізінде Құранды емес, аудармашының Құраннан түсініп жеткізгенін оқып жатқаны белгілі (соны қаперде ұстау керек). Әңгіме тек бұл ғана емес. Бұданда маңызды екі мәселе тағы бар: Аударманың шектеулі мүмкіндіктері және ең маңыздысы да «аударма» бойынша діни түсінік қалыптастыру сырқаты.

Бір сұрақ: Адамдар бара-бара «жаңашыл» «өзгеше» деген бағыттағы аудармашылардың еңбектерін іздей бастайтыны несі, не үшін?..

Мәселеміз, міне осы сұрақтың жауабымен терең, тығыз байланысы бар. Бар болғанда қандай өйткені адамдардың көбі өкінішке орай «аударма» арқылы «басқаша дін түсініктер»інің жемі болуда. Әртүрлі жөн-жосықсыз бидғат көзқарастар мен жақындаулар азаматтарымызға «аударма жұмысы» ұранының атымен бөгде ой сарынын сіңіруде.

Кісілер болса «Құранға құрмет» деп ойлап аудармашылардың (әрине көпке топырақ шашпаймын) бидғат пікірлер және пайымдарын ұнатып оны сеніміне жүктеп алып жатыр. 

Біз кісілерге «аударма оқыма, мынаны оқы» деген кезде Аллаһтың кәламының орнына басқа бір нәрсені қойып отырғаннан аулақпыз. Шындығында аударма, ол  «Аллаһтың  кәламы» мүлдем емес қой.

Одан да зорғысын айтар болсақ: Арапша жазылған бір тәпсір үшін де «Құранның арапша аудармасы» ғана дей аламыз, ашықталған, шарх жасалған, баян еткен және тәпсір етілген дейміз ғой.  Құранмен арамыздағы болмыс (фытри) тық байланыс, оны бір «әмбебап ақпарат құралы» деп қабылдауға жол ашпау қажет.

Астын сызып тұрып айтар тағы бір мәселе «Аударма оқымаңыз» бен «Құраннан бейхабар қалмаңыз» деу бірдей емес. Құраннан хабардар болу, Иләһи үндеудің құндылығын аудармада іздеумен толықталмайды. Олай дейтұғын болсақ мына сұрақтың жауабын беруде оңбай жығыламыз: «Бізден бұрыңғы өткендер «аударма» дегенді білмей өтсе де Құранға деген құрметтерін қалайша тіп-тірі ұстай алды?».

Олардың Құранды түсіне алмағанын, Құранмен байланыссыз өмір сүргенін алға тартудың бір шындыққа жанасар жағы жоқ болғандықтан, бұл жайлы тым терең ойлануға мұқтаждығымыз бар екені даусыз.

Сөз соңы ретінде «қайткен күнде аударма оқимын» дегендерге ақыл-кеңесім; ең алдымен сенім және амалға байланысты бекем ірге тасын қалап алу керек. Ал осы айтылғандардан соң аударма оқу барысында «Өзгешелік іздеуі» деп атап өткен зейіннің алдамшы ләззатына түспестен, амал мен ықыласқа азық боларлық дүниелерге басымдылық танытуларың қажет-ақ. Аударманы, зиялы жан ақылсымағын қуаттау үшін емес, ғибрат һәм үгіт алуға, жүректің тыныштығы және рухтың нәзіктігіне қол жеткізу үшін оқыса қандай игі. Бірақ сөзсіз көз алдында (таңдамалы, қысқартылған болса да) бір тәпсір болу қайткен күнде керек....

 

Автор: Әбу Бәкір Сифил

Аударған: Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір