ҚҰРАН КӘРІМДІ ДӘРЕТСІЗ ҰСТАУҒА БОЛМАЙДЫ
ҚҰРАН КӘРІМДІ ДӘРЕТСІЗ ҰСТАУҒА БОЛМАЙДЫ
04.01.2022 10:35
188
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Сендердің араларыңда ең ізгілерің Құран кәрімді үйренген және үйреткен адам”. (Сахих Бұхари)

Дәретсіз ешкім де Құран кәрімге қолын тигізіп, ұстай алмайды. 

Құран кәрімнің қасиетті аяттары жазылған және жазылмаған жерлеріне үкім бірдей. Сол себепті аят жазылған жеріне дәретсіз қол тигізуге болмайтыны секілді, жазу жоқ жиектерін де дәретсіз ұстауға болмайды. Құран кәрімге қол тигізіп, ұстау үшін дәрет алу парыз. Тіптен бір жапырақ қағаз яки қабырғаға жазылған аят болса да. 

Tәпсір кітаптарын дәретсіз ұстауға болмайды. Бірақ тәпсір кітаптарының аят жазылмаған жерлеріне дәретсіз адамның қол тигізуі жайыз. 

Фиқһ, хадис және ақида тәрізді дінге қатысты кітаптарды қолға аларда құрмет үшін дәрет алады. Өйткені оларда да аят кездесуі мүмкін. Ханафи ғұламалары арасында “Шәмс үл-әиммә” (Имамдардың күні) атанған екі тұлғаның бірі Халуани (рaх.): “Біз бұл ілімге құрметтің арқасында жеттік. Өйткені мен дәретсіз қолыма қағаз ұстаған емеспін” деген. Екінші ғұлама Имам Сарахси (рaх.) болса, ілімге арнаған бір түнде мазасы қашып, он жеті рет дәрет алған екен.

Киімнің жеңімен не бір шалғайымен аятты ұстау мәкруһ. Құран кәрімді сырт киімнен басқа нәрсемен, мәселен, таза шүберек немесе киім жеңімен ұстаудың оғаштығы жоқ. 

Ішінде діни ілімдер баяндалған, Aлла Tағаланың есімі,  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) және басқа құрмет көрсетілуі керек нәрселер жазылған қағазды басқа жерде пайдалануға болмайды.

Құран кәрімнің беттері тозып оқылмайтын күйге жетіп, оның жерге шашылуынан қорыққан жағдайда таза матаға орап, адам аяғы баспайтын жерге көму керек. 

Құран кәрім жазылған ағаш немесе қамыс қаламның ұшын шығарған соң, қалған ұсағына да құрмет көрсетіп, aяқ басатын яки қоқыс секілді жерлерге тастамау қажет. (Хашия ут-тахтауи,)

Бүгінгі күн тұрғысынан беттері тозған Мусхаф, Ислами ілімдер баяндалған еңбектер және шариғат бойынша құрметтелуге тиіс нәрселерді жоюдың ең дұрыс жолы өртеу тәсілі; өртеп, күлін аяқ баспайтын жерге көму. Өйткені Сахих Бұхари шарихы Ибн Баттал (рaх.)

“Oсманның(р.a.) мусхафтарды жақтыруы Алла Тағаланың есімі жазулы құжатты жағу жайыз екенін көрсетеді. Және, сөз жоқ,  бұл Мусхафқа құрмет, оны аяқ асты қалудан қорғау” деген. (Мирқат ул-Мәфатих) 

 

 

 

 

 

0 пікір