ҚҰРАН КӘРІМДЕГІ «ЕҢ-ЕҢ...»-ДЕР!
ҚҰРАН КӘРІМДЕГІ «ЕҢ-ЕҢ...»-ДЕР!
07.05.2019 12:05
2559
0

Ең күдігі жоқ ақиқи кітап

Ең түпнұсқа ескі кітап

Ең көп оқылатын кітап

Ең көп жатталатын кітап

Ең көп зерттелетін кітап

Ең асыл мұра болып қалған мұғжиза кітап.

Ең ғажайып сөз һәм сөйлем құрылысы тұнған кітап.

Ең алғашқы Фатиха сүресі

Ең көп есімі бар сүре Фатиха

Ең озық дұға үлгісі Фатиха сүресі

Ең Құранның мазмұнын қамтыған Фатиха сүресі

Ең алғашқы Ғалақ сүресінің алғашқы 5 аяты

Ең көп сүре Меккелік.

Ең ұзын сүре Бақара сүресі

Ең ұзын аят Бақара сүресінің 282 аят

Ең қысқа Ғаср, Кәусәр және Наср сүрелері. Үш аяттан тұрады.

Ең аяттары қысқа Кәусар сүресі.

Ең ақида яғни сенім мәселесін жан-жақты қысқа-нұсқа қамтыған Ықылас сүресі.

Ең соңғы түскен аят Бақара сүресінің 281 аяты

Ең ұлық аят Бақара сүресінің 255 аяты.

Ең соңғы түскен сүре Наср сүресі

Ең ерекше Бәсмәләсіз басталған Тәубе сүресі.

Ең ерекше Бәсмәлә бір аяты болып келген Нәміл сүресі.

Ең көп хуруфул-муқаттаға әріптері мен басталған Мәриям сүресі.

Ең алғашқы Лафзатуллаһ Фатиха сүресінде.

Ең көп қайталанатын Лафзатуллаһ.

Ең барлық аятында Лафзатуллаһ кездесетін Мужәдәлә сүресі.

Ең алғашқы әл-Әсмәәул-хуснәә Фатиха сүресінде келген әр-Рабб.

Ең соңғысы Нас сүресінде келген әл-Иләәһ.

Ең көп әл-Әсмәәул-хуснәә Хашр сүресінің 22-24 аяттарында жинақталған.

Ең көп шоғырланған хуруфул-муқаттаға әріптері Мәриям сүресі бірінші аяты.

Ең қысқа аятпен басталатын «Та-һа» сүресі.

Ең алғашқы аяттары (Ха-миим) - деп хуруфул-муқаттаға мен басталатын Ғафир, Фуссилат, Шура, Зухруф, Духан, Жәсия және Ахқаф.

Ең ерекше бәрі хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталатын сүрелер 25-ші парада.

Ең ерекше екі аяты қатар хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталатын Шура сүресі.

Ең көп аяты қайталанған Рахман сүресі.

Ең көп аты аталатын ана Мәриям анамыз.

Ең көп келетін етістік суләси мужаррад сахихта (ғ-л-м) яғни ғалимә.

Ең көп келетін етістік суләси мужаррад әжуафта (қ-у-л) яғни қаалә.

Ең көп суләси мәзидте әәмәнә етістігі.

Ең ескі үй Қағба.

Ең алғаш кездесетін сәжде аяты Ағраф сүресінде.

Ең соңғы кездесетін сәжде аяты Ғалақ сүресі.

Ең көп аяттан тұрып ішінде сәжде аяты бар сүре Ағраф сүресі.

Ең аз аяттан тұрып ішінде сәжде аяты бар сүре Ғалақ сүресі.

Ең соңғы аятта сәжде аяты бар екі сүре Ағраф пен Ғалақ сүресі.

Ең басына жақын келетін екі сәжде аяты Рағыд пен Сәжде сүресі.

Ең реттік санына жақын келетін сәжде аяты Рағыд сүресінде.

Ең сәжде аятты қатар келген сүре Нахыл мен Рағыд

Ең арасы жақын келген сәжде аяты Иншиқақ пен Ғалақ сүресі.

Ең көп сәжде аяты бар сүрелер Меккелік. Тек Рағыд сүресі Мәдиналық.

Ең ұзын жеті сүре Құранның 9 параға жуығын қамтиды.

Ең көп сүре шоғырланған 30-шы пара.

Ең әз елшіні қартайтқан Һуд сүресінің 112 аяты

Ең керемет хикая Юусуф сүресі.

Ең бекем сөз деп Ибраһим сүресі 27 аятында.

Ең көркем сөз деп Фуссилат сүресі 33 аяты.

Ең шынайы сөз деп Ниса сүресі 122 аяты.

Ең жақын қатар екі сүреде Игі елші есімі аталып, келесі сүреде де Ол кісінің отаулары әрі ислами әдептерді үйреткен сүре келуі. Мұхаммед, Фатих және Хужурат сүрелері.

Ең жаман дауыс есектің дауысы

Ең әлсіз үй өрмекшінің ауы

Ең ғылым-білімді алға жетелейтін аят Фуссилат сүресі 53 аяты...

Әрине Құранның әр сүресі һәм аяты тіпті әрбір әріпі біз үшін ең, еңдерден болып қыруар тылсым сыр қамтығаны ақиқат. Біздің білер әрі тілеріміз Құранның шапағаты мен шарапатынан құр алақан қалмасақ екен деген үміт.

Раббымыз Ғаршыдан, елшісі Мұхаммед сғс ке Құранды түсіргендей, біздің тіліміздегі Құранды жүрегімізге түсіріп бойымызға дарытсын!

Әзірлеген: Берікбай Германұлы

06.05.2019 ж.

01 Рамазан һ 1440 ж

 

0 пікір