ҚҰРАН КӘРІМ ҮЙРЕНУДІҢ АБЗАЛДЫҒЫ
ҚҰРАН КӘРІМ ҮЙРЕНУДІҢ АБЗАЛДЫҒЫ
13.08.2021 11:33
698
0

Әбу Зәр (р.а.) былай дейді: «Біз, Пайғамбарымыздың (жанынан) аспанда қанаттарын қаққан әр құс жайында, шүбәсіз бір ілім үйреніп қайттық». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Кәбир»)

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Құран Кәрім – хикмет. Кімде-кім жастайынан Құран Кәрім үйренсе Құран Кәрім оның еті мен қанына араласады. Мән беріңдер! Әлбетте тозақ оты Құран Кәрімге ыдыс болған жүрекке және харамнан сақтанған, халалды халал деген, хикметтеріне иман еткен, мүтәшәбиһтарын (әхли сүннетке қайшы) тә-уилден сақтанған және онда бидғат шығармаған денеге тимейді». 

Әулиелер былай деген: «Құран Кәрім мен ілім берілген кісі өзін жақсы білуі керек, дүниеге құмартқан кісілерге ешуақытта кішіпейіл болмау керек, бас имеу керек. Өйткені оған берілген нәрсе дүние жұртына берілген нәрселердің барлығынан қымбат. Сірә Алла Тағала Ниса сүресінің 77-аятында дүниелік малдың аз әрі өткінші екенін айтқан, ілім мен хикметті «Хайры кәсир (өте көп пайда)» (Бақара сүресі, 269-аят) деп сипаттаған».

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ұхұд соғысында шейт ислам жауынгерлерінің екеу, үшеуден бір қабірге жерленуін алайда Құран Кәрімді жақсы білгендерді тірі кезінде имамдыққа лайық деп санағаны сияқты қабірде де (құбыла жақтан) еі алдыңғы жаққа жерленуің бұйырған. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні сахабаларына: «Қайсыларың күнде Батха мен Ақиқ аңғарына барып ешқандай күнәға араласпай және туыстар арасындағы тартысқа араласпай екі үлкен түйеге ие болғысы келеді?» деп сұрады. Олар: «Барлығымыз қалаймыз уа Расулалла!» деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әр қайсыларыңның күнде таңертең Алланың кітабынан екі аят үйрену үшін мешітке баруларың екі, үш не оданда көп түйеге ие болудан қайырлы» деді. 

 

 

 

 

0 пікір