ҚҰРАН КӘРІМ МӘҢГІЛІК МҰҒЖИЗА-2
ҚҰРАН КӘРІМ МӘҢГІЛІК МҰҒЖИЗА-2
13.08.2021 11:38
424
0

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Расында, Құранды Біз түсірдік. Және шүбәсіз, оны Біз қорғаушымыз». (Хижр сүресі, 9-аят)

Құран Кәрім көп жағынан мәңгілік мұғжиза:

Құран Кәрім барлық баянында, жеткізген барлық тақырыптарды құдіретін, әдемілігі мен әдебиетін сақтаған. Таңғажайып кемелдікке ие. 

Адам көп оқыған бір аятын жүз рет оқып, тыңдаса да қайта оқығанда алғаш оқып, тыңдап отырғандай күйге енеді. Жаңа сезімге бөленіп, бұрын түсінбеген, ойламаған көп мағыналарға, ишараларға көз жеткізеді. Сәмәуи кітаптардың нәзік әсерін терең әрі таңқалып, ұдайы сезінеді. Міне, Құран Кәрім осы жағынан да рухани мұғжиза. 

Құран Кәрім түсерде Арабстан халқы араб тілінің барлық ерекшелігін меңгерген, өздеріне тән табиғи ерекшелік ретінде өте әдемі әрі әдеби сөйлейтін халық еді. Әдебиетке қатысты айтқан нәрселерінің әрқайсысы әдебиеттің шыңы есептелетін. Міне Құран Кәрім осындай қоғамға түсіп, барлық әдебиетші мен, шешендерге қарсы майдан ашты. (Бақара сүресі. 23-24 аятты айтылғанына қарағанда):

«Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса.

Егер оны істемесеңдер (әзір келтірмесеңдер, келешекте) сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар!» деп айтылған.

Расында ешқайсысы мұны жасай алмады. Қылыш асынып соғысуға шықса да қалам алып кішкентай сөз жазу арқылы Құран Кәрімнің қысқа сүресіне қарсы күресуге шамалары жетпеді. Өйткені бұл жердегі әлсіздіктерін айқын мойындағантын. Арабшаның барлық ерекшелігін, әдеби нәзіктігін меңгерген араб ақындары мен шешендері Құран Кәрімге қарсы бір шумақ өлең жаза алмағанда қалған ұлттың әдебиетшілерінің мұны жасай алмайтыны айдан анық. 14 ғасырдан бері ешкім ондай өлең шумағын жаза да алмаған. Осы жағынан қарасақ та Құран Кәрім ұлы мұғжиза. 

 

 

 

 

0 пікір