ҚҰРАН КӘРІМ МӘҢГІЛІК МҰҒЖИЗА – 1
ҚҰРАН КӘРІМ МӘҢГІЛІК МҰҒЖИЗА – 1
13.08.2021 11:36
460
0

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «(Мұхаммед а.с.): «Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды» - де». (Исра сүресі, 88-аят)

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең үлкен мұғжизасы – рухани, ғылыми, ақли және лахути “сыр және ғайып әлеміне тән) мұжиза болған Құран Кәрім. Қай жағынан қарасақ та мәңгілік мұғжиза:

Құран Кәрім материалдық, рухани, ғылыми, мінез-құлық, қоғамдық, тарихи көп ақиқаттың жинағы. Бұл Құран Кәрімді адамдарға жеткізуге міндетті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) қырық жасына дейін ешкімнен ілімге қатысты ешнәрсе үйренбеген, ешнәрсе оқып, жазбаған болатын. Бұл халін барлық руласы білетін. Сонда да Құран Кәрімді жеткізу міндеті құрметіне ие болған. Осындай болу тұра Құран Кәрімде мыңдаған, жүз мыңдаған ақиқаттың болуы оның үлкен мұғжиза болғанында. 

Құран Кәрімнің Алла Тағала мен дінге, жаратылысқа қатысты мағлұматтары мықты ойшылдардың тапқандарына қайшы емес. Баяндамаларының арасында қайшылық байқалмайды. Керісінше ілім мен пәндердің дамуы Құран Кәрімді одан сайын жақсы түсінуге көмекші болуда. Бұл хақиқаттар мен ілім мен жаңалықтар арасында қайшылық шықпады. Уақыт өткен сайын Құранның қадірі артып жатыр. Осы жағынан Құран Кәрім мәңгілік мұғжиза. Құран Кәрім болашақ жайында көптеген оқиғаларды хабарлаған және осы оқиғалар уақытымен орын алған. Римдіктердің Парсыларды жеңуі, мұсылмандардың Меккені алуы, мұсылмандардың жер бетіне жайылуы осы оқиғалардың кейбірі. Бұл жағынан қарасақ та Құран Кәрім үлкен мұғжиза. 

Барлық сәмәуи (Алла тарапынан түсірілген) кітаптар өзгеріске ұшырап, бұзылған. Бірақ Құран Кәрім өзгеріске ұшырамай, қорғалған. Өйткені Құран Кәрімнің бұл пәктігі Хижр сүресінің 9 аятында алдын-ала хабар берілген. Міне Құран Кәрім осылай Алла Тағаланың қорғауымен барлық өзгерістеден аман болғандықтан үлкен мұғжиза. 

 

 

 

 

0 пікір