Қиямет қашан болады?
Қиямет қашан болады?
13.08.2019 09:59
403
0

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір топ адаммен әңгімелесіп отырғанда бір бәдәуи (шөл даланың тұрғындары) келіп одан: «Қиямет қашан болады?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әлгі бәдәуидің сұрағына жауап берместен әңгімесін әрі қарай жалғастыра берді. Сонда кей адамдар өзара: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бәдәуидің айтқанын естіді, алайда қойған сұрағын ұнатпады», - десе, енді біреулері: «Жоқ, ол оның сөзін естімеді», - десті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөзін тәмамдаған соң: «Қиямет күні жайында сұраған қайсысың?» - деді. Сонда әлгі бәдәуи: «Уа, Алланың елшісі! Мына мен едім», - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Аманат жоғалған кезде қиямет-қайымды күте бер» - деді. Бәдәуи: «Ол қалай жоғалады?» - деп қайта сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Іс (ғылым, басшылық секілді маңызды қызметтер) лайық емес адамдарға табысталған кезде (аманатқа қиянат жасалған, міне, сонда болады) қиямет-қайымды күте бер», - деп жауап берді», - деген (Бұхари, илм 2/риқақ 35).

0 пікір