ҚАТЕМДІ АЙТАР МА ЕКЕН?...
ҚАТЕМДІ АЙТАР МА ЕКЕН?...
01.05.2020 23:43
1256
0

Хазрет Омар халифа болып тұрған кезінде бір күні Үбай ибн Кағб деген сахабаны қасына шақырып алды. Сөйтті де өзі қасиетті Құранды оқып отырып, оған тыңдатты. Қателесіп мүлт кеткен жерлері болса түзетіп отыруды өтінді.  Содан бір аятқа келгенде, хазрет Омар қателесіп қалды.  Кеткен қатені түзетіп болып, әлгі сахаба оған былай деді: «Әй, Омар! Мен бұл аятты алғаш рет сүйікті Пайғамбарымыздың қасиетті аузынан  естіген болатынмын.  Мен бұл аятты оның аузынан естіп отырғанымда,  сен «Бақи» базарында сауда-саттықпен айналысып жүргенсің», - деді. Сахабаның дәл осылай шындықты айтқанына қуанған Омар: «Жақсы айттың, бауырым. Мен негізі, сені сынау үшін осылай оқыған болатынмын. Менің қатемді айтар ма екен, айтпас па екен» дегенмін. Өйткені алдына келгенде шындық айтылмайтын халифада да, шындықты айтпайтындарда да қайыр жоқ» деген екен. 

0 пікір