ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КƏРІМДЕГІ ТƏУБЕ ДҰҒАЛАРЫ
ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КƏРІМДЕГІ ТƏУБЕ ДҰҒАЛАРЫ
14.08.2019 09:07
6880
0

1. «Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз Сен уәдеден айнымайсың» 
(Əли Имран сүресі,194 аят).

رَبَّنَا وَ آتِنَا مَا وَعَدتَّنَا عَلَى رُسُلِكَ وَ لاَتُخْزِنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّكَ لاَ تُخْلِفُ الْمِيعَادَ

2. «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» 
(Ағроф сүресі, 23 аят).

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَاوَ إِن لَّمْ تَغْفِرْلَنَا وَ تَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ

3. «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!» 
(Ағроф сүресі, 47 аят).

اْرَبَّنَالاَتَجْعَلْنَامَعَالْقَوْمِالظَّالِمِين

4. «Раббымыз! Біз бенен еліміздің арасына туралықпен Сен үкім ет. Сондай-ақ Сен билік айтушылардың ең жақсысың» 
(Ағроф сүресі, 89 аят).

رَبَّنَا افْتَحْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمِنَا بِالْحَقِّ وَأَنتَ خَيْرُ الْفَاتِحِين

5. «Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйде өлтір!….» 
(Ағроф сүресі, 126 аят).

رَبِّنَالَمَّاجَاءتْنَارَبَّنَاأَفْرِغْعَلَيْنَاصَبْرًاوَتَوَفَّنَامُسْلِمِي

6. «Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама. Сондай-ақ бізді мәрхаметіңмен кәпір қауымнан құтқара көр!…» 
(Юнус сүресі, 85-86 аяттар).

رَبَّنَالاَتَجْعَلْنَافِتْنَةًلِّلْقَوْمِالظَّالِمِينَ وَنَجِّنَابِرَحْمَتِكَمِنَالْقَوْمِالْكَافِرِين

7. «Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, әшкерелерімізді білесің. Жердегі, көктегі нәрселер Аллаға жасырын емес» 
(Ибраһим сүресі, 38 аят).

رَبَّنَاإِنَّكَتَعْلَمُمَانُخْفِيوَمَانُعْلِنُوَمَايَخْفَىعَلَىاللّهِمِنشَيْءٍفَيالأَرْضِوَلاَفِيالسَّمَاء

8. «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле» 
(Кəһф сүресі, 10 аят).

رَبَّنَا آتِنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةً وَهَيِّئْ لَنَا مِنْ أَمْرِنَا رَشَدًا

9. «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!» 
(Фурқан сүресі, 74 аят).

رَبَّنَاهَبْلَنَامِنْأَزْوَاجِنَاوَذُرِّيَّاتِنَاقُرَّةَأَعْيُنٍوَاجْعَلْنَالِلْمُتَّقِينَإِمَامًا

10. «Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!» 
(Ғафир(Мумин) сүресі, 7 аят).

رَبَّنَاوَسِعْتَكُلَّشَيْءٍرَّحْمَةًوَعِلْمًافَاغْفِرْلِلَّذِينَتَابُواوَاتَّبَعُواسَبِيلَكَوَقِهِمْعَذَابَالْجَحِيمِ

11. «Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың…» 
(Ғафир(Мумин) сүресі, 8 аят).

رَبَّنَاوَأَدْخِلْهُمْجَنَّاتِعَدْنٍالَّتِيوَعَدتَّهُموَمَنصَلَحَمِنْآبَائِهِمْوَأَزْوَاجِهِمْوَذُرِّيَّاتِهِمْإِنَّكَأَنتَالْعَزِيزُالْحَكِيمُ

12. «Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз.» 
(Дұхан сүресі, 12 аят).

رَبَّنَااكْشِفْعَنَّاالْعَذَابَإِنَّامُؤْمِنُون

13. «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсіз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің.» 
(Хашыр сүресі, 10 аят).

رَبَّنَااغْفِرْلَنَاوَلِإِخْوَانِنَاالَّذِينَسَبَقُونَابِالْإِيمَانِوَلَاتَجْعَلْفِيقُلُوبِنَاغِلًّالِّلَّذِينَآمَنُوارَبَّنَاإِنَّكَرَؤُوفٌرَّحِيمٌ

14. «Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ.» 
(Мумтахинə сүресі, 4 аят).

رَّبَّنَاعَلَيْكَتَوَكَّلْنَاوَإِلَيْكَأَنَبْنَاوَإِلَيْكَالْمَصِير

15. «Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді» 
(Тахрим сүресі, 8 аят).

رَبَّنَاأَتْمِمْلَنَانُورَنَاوَاغْفِرْلَنَاإِنَّكَعَلَىكُلِّشَيْءٍقَدِي

0 пікір