ОЙ САЛАТЫН АЯТТАР
ОЙ САЛАТЫН АЯТТАР
29.04.2020 23:27
612
0

«Адамдардыңөз қолымен істеген жамандықтары мен күнәларының кесірінен теңізде де, құрлықта да бүліншілік орын алып, ондағы жүйе мен тәртіптің астаң-кестеңі шықты. Сол арқылы Алла, оларға, бәлкім, райларынан қайтар, деп, өзқолдарымен істеген кесірлі істерінің зардабын тартқызуда» («Рум» сүресі, 41-аят).

      «(Қауым болып, қоғам болып мойынсұнған,) шын жүректен тәубеге келген күйде бір Аллаға бет бұрыңдар. Одан  лайықты түрде қорқыңдар, Оны шын көңілден ұлықтаңдар, Оған қарсы келуден әрі қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар. Намазды кемеліне келтіріп, уақытылы әрі үзбей оқыңдар. Сондай-ақ, (сенімде, құлшылықта әрі күнделікті тіршілікте) Оған өзгелерді серік етіп қосатын мүшріктерге қосылмаңдар!» («Рум» сүресі, 31-аят).

       «Сондай-ақүміндерге): «Көкіректеріңдегіні (ниет-пиғылдарыңды) жасырсаңдар да, жария етсеңдер де, бәрібір, Алла бәрін біледі. Сондай-ақ, Ол – күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрін біледі. Алла барлық нәрсеге құдіретті», - деп айт» («Әли-Имран» сүресі, 29-аят).

 

0 пікір