«Мүлік» сүресінің қасиеті
«Мүлік» сүресінің қасиеті
14.08.2019 09:18
72477
1

 Әл-Мулк сүресі (араб: سورة الملك‎) (Өкімет, Билеуші, тікелей мағынасы 'Патшалық') - Қасиетті Құран Кәрімнің 30 аяттан тұратын 67-ші сүресі. Бұл есім Алла Тағаланың 99-есімдерінің бірі. Сүреде Алла Тағаланың шексіз Құдіретті күшті екені еске салынады және кімде-кім Пайғамбар (с.ғ.с.) ескертулерін меңземейтін болса, онда ол Жаһаннамда отқа оралатыны ескертіледі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Мүлк сүресін әр күні түнде оқыған кісіге Алла Тағала қабір азабын бермейді».

«Мүлк сүресін оқымай жатпа, сірә өлгенде қабірде жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған кісі Қадір тунін ғибадатпен өткізгендей сауап алады. Мен Мүлк сүресінің үмбетімнен әр адамның жүрегінде болғанын жақсы көремін.»

«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).

Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.» 

Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Хақ Тағала қабір азабын алып тастайды.» 

Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.» 

 Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мүлк сүресін оқы. Оны Жатта! Бала-шағаңа, көршілеріңе де үйрет! Өйткені, бұл сүре азаптан құтқарушы. Оқыған кісіге Алланың жанында шапағатшы. Егер кісі оны жаттаған болса, Алладан оны (кісіні) тозақтан құтқаруын тілейді. Алла, сол себепті оны қабір азабынан қорғайды».

Мұхаммед ибн Алқами былай дейді: «Әр түні Тәбәрәка (Мүлк) сүресін оқығаннан қабір сұрақтары сұралмайды».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Құран Кәрімде отыз аяттық бір сүре бар. Кім ол сүрені ұйықтар алдын оқыса, ол кісіге отыз сауап жазылады, отыз күнәсы кешіріледі. Отыз дәреже көтеріледі. Алла Тағала ол кісіге бір періште жібереді. Ол періште ол кісінің үстіне қанатын жайып, оянғанша оны барлық нәрседен қорғайды. Ол сүре қабірде өзін оқыған кісіге(азап болмас) үшін күреседі. Міне, ол сүре Мүлк сүресі»

Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлік сүресінің оқылып жатқаны естілді. Алла Елшісіне (с.ғ.с) мұны айтқанда, ол: 
«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді. 

Абдуллаһ ибн Аббас былай деді: 

«Мүлік сүресін оқы! Оны жаттап ал! Бала-шағаңа және көршілеріңе де үйрет. Себебі бұл сүре азаптардан құтқарушы. Оқыған адамға Хақ Тағаланың алдында шапағатшы. Егер адам оны жаттап алған болса, Аллаһтан оны тозақтан құтқаруын сұрайды. Алла Тағала мұның себебімен әлгі адамды қабір азабынан құтқарады.» 

Мұхаммед бин Алқами былай деді: 

«Әр түні Тәбәрака (Мүлік) сүресін оқығандарға қабір сұрағы сұрамайды.» 
Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деді: 

«Біреу қайтыс болып қабірге түсірілген кезінде азап періштелері мәйіттің басына келеді. Бас оларға: "Оған жоламаңдар, өйткені ол маған Мүлік сүресін оқыды" дейді. Содан соң қарын жағына барып отырады. Ол да: "Оған жоламаңдар. Өйткені ол менде Мүлік сүресін жаттап сақтаған" дейді. Осы себептен бұл сүреге "қабір азабына бөгет" мағынасында "Мания" делінген.» 

Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деген: 

«Кімде-кім, әр түні Мүлік сүресін оқыса, Алла Тағала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады.» 

(Мүлік сүресі Құран Кәрімде 561-563 беттері арасында.) 
 

 Мүлк сүресі

Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) тәбәрәкәл ләз̃ии бийәдиһил мулку уәһууә ъалә кулли шәйин қадиир
(2) әлләз̃ии халәқал мәутә уәлхәйәтә лийәблууәкум әййукум әхсәну ъамәлә [жим] уәһууәл ъазиизул ғафуур
(3) әлләз̃ии халәқа сәбъа сәмәуәтин тибәқан [cалә] ммә тәрә фии халқир рахмани мин тәфәуутин [cалә] фәржиъил бәсарә һәл тәрә мин футуур
(4) с̃уммә ржиъил бәсарә кәррәтәйни йәнқалиб иләйкәл бәсару хасиәу уәһууә хәсиир
(5) уәләқад зәййәннәс сәмәәд дунйә бимәсабиихә уәжәъалнәһә ружуумәл лишшәйәтиини [cалә] уәәътәднә ләһум ъаз̃әбәс сәъиир
(6) уәлилләз̃иинә кәфәруу бираббиһим ъаз̃әбу жәһәннәмә [cалә] уәбисәл мәсиир
(7) из̃ә улқуу фииһә сәмиъуу ләһә шәһииқау уәһийә тәфуур
(8) тәкәду тәмәййәзу минәл ғайзи [cалә] кулләмә улқийә фииһә фәужун сәәләһум хазәнәтуһә әләм йә'тикум нәз̃иир
(9) қалуу бәлә қад жәәнә нәз̃иирун фәкәз̃з̃әбнә уәқулнә мә нәззәлаллаһу мин шәйин ин әнтум иллә фии даләлин кәбиир
(10) уәқалуу ләу куннә нәсмәъу әу нәъқилу мә куннә фии әсхәбис сәъиир
(11) фәътәрәфуу биз̃әнбиһим фәсухқал лиәсхәбис сәъиир
(12) иннәл ләз̃иинә йәхшәунә раббәһум билғайби ләһум мәғфирәтуу уәәжрун кәбиир
(13) уәәсирруу қауләкум әуи жһәруу биһи [cалә] иннәһу ъалиимун биз̃әтис судуур
(14) әлә йәъләму мән халәқа уәһууәл ләтиифул хабиир
(15) һууәл ләз̃ии жәъалә ләкумул әрда з̃әлуулән фәмшуу фии мәнәкибиһә уәкулуу мир ризқиһи [cалә] уәиләйһин нушуур
(16) әәминтум мән фиис сәмәи әй йәхсифә бикумул әрда фәиз̃ә һийә тәмуур
(17) әм әминтум мән фиис сәмәи әй йурсилә ъаләйкум хәсибән [cалә] фәсәтәъләмуунә кәйфә нәз̃иир
(18) уәләқад кәз̃з̃әбәл ләз̃иинә мин қаблиһим фәкәйфә кәнә нәкиир
(19) әуәләм йәрәу иләт тайри фәуқаһум саффәтиу уәйәқбидн [жим] мә йумсикуһуннә илләр рахман [жим] иннәһу бикулли шәйин бәсиир
(20) әммән һәз̃әл ләз̃ии һууә жундул ләкум йәнсурукум мин дуунир рахман [жим] инил кәфируунә иллә фии ғуруур
(21) әммән һәз̃әл ләз̃ии йәрзуқукум ин әмсәкә ризқаһ [жим] бәл ләжжуу фии ъутууиу уәнуфуур
(22) әфәмәй йәмшии мукиббән ъалә уәжһиһи әһдә әммәй йәмшии сәуиййән ъалә сирәтим мустәқиим
(23) қул һууәл ләз̃ии әншәәкум уәжәъалә ләкумус сәмъа уәләбсарә уәләфидәтә [cалә] қалииләм мә тәшкуруун
(24) қул һууәл ләз̃ии з̃әрәәкум фиил әрди уәиләйһи тухшәруун
(25) уәйәқуулуунә мәтә һәз̃әл уәъду ин кунтум садиқиин
(26) қул иннәмәл ъилму ъиндаллаһи уәиннәмә әнә нәз̃иирум мубиин
(27) фәләммә рәәуһу зулфәтән сииәт уужууһул ләз̃иинә кәфәруу уәқиилә һәз̃әл ләз̃ии кунтум биһи тәддәъуун
(28) қул әрәәйтум ин әһләкәнийаллаһу уәмәм мәъийә әу рәхимәнә фәмәй йужиирул кәфириинә мин ъаз̃әбин әлиим
(29) қул һууәр рахману әмәннә биһи уәъаләйһи тәуәккәлнә [cалә] фәсәтәъләмуунә мән һууә фии даләлим мубиин
(30) қул әрәәйтум ин әсбәхә мәукум ғаурән фәмәй йә'тиикум бимәим мәъиин

 

Мүлік сүресінің аудармасы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.
(2) Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.
(3) Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба?
(4) Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады.
(5) Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік.
(6) Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын.
(7) Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді.
(8) Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: "Сендерге ескертуші келмеді ме?",- деп сұрайды.
(9) Олар: "Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік" дейді.
(10) "Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік" дейді.
(11) Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!
(12) Дұрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.
(13) Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі.
(14) Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.
(15) Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.
(16) Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме?
(17) Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер.
(18) Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен?
(19) Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.
(20) Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер алдануда ғана.
(21) Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.
(22) Етпеттеп жүрген біреу турарақ па? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?
(23) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезуді жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер" де.
(24) Оларға: "Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар" де.

1 пікір