ЖЫНДАР МЕН АДАМДАРДЫҢ КЕСІРІНЕН САҚТАЙТЫН СҮРЕ
ЖЫНДАР МЕН АДАМДАРДЫҢ КЕСІРІНЕН САҚТАЙТЫН СҮРЕ
02.06.2023 06:38
1026
0

 Меккеде түскен, басаяғы 6 аяттан тұрады. Мәдинада түскен деп есептейтін ғалымдар да бар. Атауы әр аяттың соңында қайталанып отыратын (адамдар) деген мағынаны білдіретін «нәс» сөзінен алынған. Алдыңғы «фәләқ» сүресінің жалғасы іспеттес. Мүміндерге шайтанның және соның ығында жүрген кесірлі жындар мен адамдардың кесірінен, қитұрқы істері мен жоспарларынан және құрған тұзақтарынан сақтану үшін Аллаға қалай жалбарыну керектігін үйретеді.

         Бисмиллаһир-рахманир-рахим.

            «Қул ә’узу бирраббин-нәәси, мәликн-нәәси, иләәһин-нәәс, мин шаррил-уәсуәәсил-ханнаас, әлләзии юуасуису фи судуурин-нәәси, минәл-жиннәти уәннәәс».

Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).

  1. (Оларға) айт: Сақтай гөр деп сыйынамын адамдардың Раббысына,
  2. адамдардың Иесіне,
  3. адамдардың Тәңіріне,
  4. әзәзіл шайтанның кесірінен,
  5. адамдардың көкірегіне уәсуәсә салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай гөр деп сыйынамын деп айт),
  6. (Ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да (шығады).

 

 

0 пікір