Інжу-маржан
Інжу-маржан
22.08.2019 14:38
3795
0

 بِسْمِ اللَّـهِ الرَّ‌حْمَـٰنِ الرَّ‌حِيمِ

 وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُم مِّنْ أَنفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِّتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُم مَّوَدَّةً وَرَ‌حْمَةً ۚإِنَّ فِي

 ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِّقَوْمٍ يَتَفَكَّرُ‌ونَ

«Оларға бауыр басып, жандарың жай табуы үшін сендерге өздеріңнен  жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салуы да Оның (сендерге деген махаббатының) белгілерінің бірі. Ой жүгірте білетін қауым үшін мұнда көп ғибрат бар». 

(«Рүм» сүресі, 21-аят).

وَعَاشِرُ‌وهُنَّ بِالْمَعْرُ‌وفِ ۚفَإِن كَرِ‌هْتُمُوهُنَّ فَعَسَىٰ أَن تَكْرَ‌هُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّـهُ فِيهِ خَيْرً‌ا كَثِيرً‌ا  

«(Уа, иман келтіргендер!) Әйелдермен әрдайым жақсы мәмледе болыңдар. Тіпті ұнатпасаңдар да! Өйткені кейбір нәрсені (яғни әйелдеріңнің кей қылығын) сендер жек көргенмен, Алла онда мол жақсылық жазып қоюы мүмкін»  

(«Ниса» сүресі, 19-аят).

  فَالصَّالِحَاتُ قَانِتَاتٌ حَافِظَاتٌ لِّلْغَيْبِ بِمَا حَفِظَ اللّهُ

Негізінде, жақсы әйелдер Алланың бұйрықтарына бойұсынғыш, күйеуіне бағынғыш келеді, әрі Алла өздерін қорғағаны секілді олар да  (күйеулері қастарында болмағанда) ар-абыройлары мен жар төсегін, сондай-ақ олардың аманатын кір жұқтырмай пәк ұстайды. 

(«Ниса» сүресі, 34-аят).

0 пікір