«Хужурат» сүресіндегі 9 өсиет
«Хужурат» сүресіндегі 9 өсиет
03.04.2019 17:04
283
0

Қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінде өзара қарым-қатынас жасау жайында 9 өсиет айтылған:

1.«Егер сендерге бір пасыққандай да бір хабар әкелсе, алдымен сол хабарды анықтап алыңдар» (6-аят).

2.«Егер мұсылмандардың екі тобы бір-бірімен шайқасса, олардың арасын жарастырыңдар» (9-аят).

3.«Әділетті түрде әрекет етіңдер. Шындығында, Алла турашылдарды жақсы көреді» (9-аят).

4.«Бір топ басқа бір топты келемеж етпесін, бәлкім олар бұлардан қайырлы шығар» (11-аят).

5.«Өз-өздеріңді кемсітпеңдер[1]» (11-аят).

6.«Жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер» (11-аят).

7.«Дәлелсіз ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың кейбірі – күнә» (12-аят).

8.«Бір-біріңді аңдымаңдар» (12-аят).

9.«Бір-біріңді ғайбаттамаңдар» (12-аят).

Айтылған өсиеттерді орындап, қашанда іс жүзінде қолданайық, ағайын!

Дайындаған Х. Аманқұлов

 


[1] Бұл мұсылмандардың бір тұтас тәннің мүшелері іспеттес бірлігін сипаттайды. Сонымен қоса егер біреуді кемсітсеңдер, ол да сені кемсітеді, сөйтіп өздеріңді-өздерің кемсіткен боласыңдар.

 

0 пікір