ЕЛУ СЫДДЫҚТЫҢ САУАБЫНА ИЕ БОЛУ
ЕЛУ СЫДДЫҚТЫҢ САУАБЫНА ИЕ БОЛУ
05.08.2021 08:43
447
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Құран оқыңдар. Өйткені, ол қиямет күні досына (яғни оны оқыған және үкімімен амал еткендерге) шапағатшы болып келеді». («Сахих Мүслім»)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағаланың сендерден біріңе үйрену қиындығы тартпастан ілім, іздемей тура жол табуын қалай ма? Алла Тағаланың сендерден біріңнің соқырлығын кетіріп (көзіндегі надандық пердесін алып тастап) өзін көретін (істердің ақиқатына көз жеткізетін) қылуын қалай ма? Тыңдаңдар! Кім дүниеге көңіл бөлсе, ондағы арманы көп болса (бір өмір жетпейтін дүниелік қиялға берілсе) Алла Тағала ол адамның жүрегін құмарлығындай соқыр қылады (жүрек көзін жауып тастайды). Кімде-кім дүниеден бет бұрса (дүниеге мән бермесе) және ондағы арманы аз болса Алла Тағала ол кісіге үйрену қиындығы тартпастан ілім, іздемей-ақ тура жол береді. 

Хабарларың болсын! Сендерден кейін көптеген қауымдар келеді. Олардың мүлік және салтанаты тек өлтіру мен зұлымдық арқылы болады. Байлықтары тек әлсіздік пен сараңдық арқылы болады. Махаббаты тек діннен шығару мен нәпсіне ұю арқылы болады. 

Тыңдаңдар! Сендерден кім осы заманға жетіп, бай болуға мүмкіндігі бола тұра кедейлікке, атаққа жету мүмкіндігі бола тұра оған мән бермеуге және (осындай адамдардың) өзін жақсы көргізу мүмкіндігі бола тұра Алла ризалығы үшін жеккөрулеріне және дұшпандығына сабыр етсе Алла Тағала оған елу сыддықтың сауабын сыйлайды».

 

ДӘУІТ АЛАЙХИС-СӘЛӘМНІҢ НАСИХАТТАРЫ

Дәуіт алайхис-сәләм ұлы Сүлеймен алайхис-сәләмға былай насихат айтты:

«Қол жеткізе алмаған нәрсең үшін тәуекел ет. Қолыңдағыға разы бол. Уысыңнан шығарып алғаныңа да, сабыр ет».

 

 

 

 

 

 

0 пікір