АЯТУЛ-КУРСИ
АЯТУЛ-КУРСИ
21.02.2020 13:17
6914
0

Қасиетті Құран Кәрімнің барлық аяттары киелі һәм сырлы. Оларды бөліп-жару құлға жараспайтын іс. Жақсыдан шарапат дегендей өткен жұмада Сансызбай ұстаз орталық мешіттте құптан намазынан соң «Аятул-курси» аятының тәпсірін тарқатып берді. Бұл Құрандағы ең ұзын болған Бақара сүресінің бір аяты яғни 255 ші аяты. «әр нәрсенің бір шоқтығы бар. Құранның шоқтығы Бақара сүресі» -деген Дана елші. Ал сол сүре шоқтық болғасын, шоқтықтыңда биік жері болары сөзсіз. Міне Аятул-курсиді солай түсінуге болады.  Ол кісінің айтқаны діни салада сауаты жоғары адамдарға майдай жақты. Ал енді-енді мешіт жағалап ұстаз көрмеген жамағаттар үшін күделі болғанын, жаңа намаз бастаған бір бауырымыз тілге тиек етті. Содан кейін үш түрлі қазақ тіліндегі аудармаларды оқып шығып, оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім. Мінекей!

  1. Бір Алладан басқа тәңір жоқ.
  2. Ол мәңгі тірі, бар нәрені басқарып тұр.
  3. Ол қалғымайды да ұйықтамайды.
  4. Оның басқаруына көктегі, жердегінің барлығы кіреді.
  5. Оның хұзырында өзінің рұқсатынсыз шапағат жасайтын кім болмақ?
  6. Алла олардың алдындағысын (дүниедегі) да, кейінгісін (қияметте не боларын) де біледі.
  7. Ал олар Алланың білдіргенінен басқа ештеңені сезбейді.
  8. Оның ауқымына аспан да, жер де сияды.
  9. Аспанды да, жерді де қорғау Аллаға қиын емес.
  10. Оның мәртебесі жоғары, барлығынан биік.

(Бақара сүресі – 255 аят).

ҚҰРАН КӘРІМ

Аударғандар: Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫ, Уаһап  ҚЫДЫРХАНҰЛЫ; Алматы –жазушы, 1991 ж.     

  1. Алла (Т.), Одан басқа тәңір жоқ.
  2. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, ол қалғымайды да ұйықтамайды.
  3. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән.
  4. Оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді?
  5. Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі.
  6. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады.
  7. Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді.
  8. Және Ол, өте биік, аса зор.

(Бақара сүресі – 255 аят).

ҚҰРАН КӘРИМ ҚАЗАҚША МАҒЫНА ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ

Аударған Халифа Алтай, Мәдина, 1991 ж.

  1. (Бір) Аллаһ, Одан басқа құдай жоқ.
  2. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қаюум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі тіреп, меңгеріп тұрушы.
  3. Ол әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та), ұйқы да баспайды.
  4. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі.
  5. Оның дәргейінде рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе алатын кім бар?
  6. Ол күллі жаратылыстың алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де толық әрі жақсы біледі.
  7. Ал олар болса, Оның шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере де алмайды, тек Өз қалауымен ұғындырып, үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа.
  8. Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған.
  9. Күллі аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап тұру Ол үшін түкте қиын емес.
  10.  Ол – Алий (бәрінен биік, асқақ), Азим (бәрінен ұлы).

                                                                           (Бақара сүресі – 255 аят).

ҚҰРАН КӘРІМ ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ АУДАРМА

АУДАРҒАНДАР: Әкімханов Асқар Болатбекұлы, Анарбаев Нұрлан Сайлауұлы, Алматы «Көкжиек» 2015 ж.

 

 

Құрастырған: Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір