Әрбір жан өлімнің дәмін татады
Әрбір жан өлімнің дәмін татады
20.05.2019 15:57
388
0

Адамның дүниеге шыр етіп келуі қаншалықты ақиқат болса бір күні сол дүниеге қош айтары да дәл сондай бір ақиқат.  Кеудесінде жаны бар барша тіршілік иесі бір күні сол өлімнің дәмін татары да сөзсіз. Қасиетті Құранда  «Қайда болсаңдар да, тіпті биіктұрғызылғын мұнараларда болсаңдар да, (уақыт келсе)  сендерге өлім жетеді... (Нисә, 4/78) деп бұйырып,  өлімнен қашып құтылудың мүмкін еместігіне назар аударуда.

Бір күні үйінің қабырғасын қалап жатқан сахаба ардақты Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) “Өлім, мынандай (үйдің қабырғасының күйреуінен) да жылдам“(Әбу Дәуәт, Әдеп, 156,157) деп , өлімнің адамды кез-келген  сәтте даяр болу керектігін ескерткен. Тағы бір мәртесінде Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) “Рахаттарды жоқ ететін (яғни өлімді) көп еске алыңдар” (Нәсәй, Жаназа,3) деп ескерткен.

Өлімді еске алу дегеніміз адам өзінің жаратылысы мен ақыреттегі  есеп күнін еске алуы  деген  сөз. Өлім қорқынышты болса да, бұл шындыққы бой алдырып,  тыныштығымыз бен  шаттығымыздың соңын  әкелетін осы бір ақиқатқа  қашан да даяр болуымыз керек.

Өлім дегеніміз Абай атамыздың тілімен айтқанда менімен менікінің айырылуы деп түсінуіміз керек.

“Өлсе өлер табиғат адам, өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес.

Меніменен менікінің айырылғынын,

Өлді деп ат қойыпты ау өңкей білмес...”

***

Көк тұман—алдыңдағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

Ол күндер — өткен күнмен бәрі бір бәс,

Келер, кетер, артына түк қалдырмас.

Соның бірі — арнаулы таусыншық күн,

Арғысын бір-ақ алла біледі рас. 

Ақыл мен жан — мен өзім, тән — менікі,

“Мені” мен “менікінің” мағнасы — екі.

“Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

“Менікі” өлсе өлсін, оған бекі...

 

 

 

0 пікір