ӘРБІР АДАМ ҚҰРАНҒА МҰҚТАЖ!
ӘРБІР АДАМ ҚҰРАНҒА МҰҚТАЖ!
09.06.2020 11:13
1416
0

Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл өмірі осы Құран кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Раббым Алла разы болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл Құран кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды.  Бұл тұжырым Құранда келген аяттар мен Сүннетте келген хадистерге негізделген.

Мысал ретінде Құранда айтылатын мына аяттарды еске алсақ та жеткілікті:

1.«Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады.»

2.«Кімде-кім Мені еске алудан бет бұрса, оныңөмірі тарылып, Біз оны Қиямет күні соқыр қып жинаймыз.»

3.«Сендердің ең жақсыларыңҚұранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің

4.«Кімде-кім Раббым Алланың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді.»

Құран оқыған адамға айтылады:

5. «Дүниеде қалай оқысаң солай оқы да (жәннәтқа) көтеріл, шын мәнінде сенің орның соңғы аятты қай жерде оқысаң — сол жерде».

Қандай да бір қауым Раббым Алланың үйінде жиналып Раббым Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Раббым Алланың мейіріміне бөлінеді, оларды періштелер қоршайды және Раббым Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады...

Ин шаа Алла, Раббым Алла баршаларыңызға  Құранды оқып сауаптан жазуды нәсiп етсiн!

 Әмин.

 

0 пікір