Алланың рақымынан үміт үзбе!
Алланың рақымынан үміт үзбе!
28.06.2019 11:43
356
0

Адам тәубе етіп, Хақ Тағалаға мойнын бұрса, Ол оның барлық күнәсін кешеді. Құранда Алла Тағала:

قُلْيَاعِبَادِيَالَّذِينَأَسْرَفُواعَلَىأَنفُسِهِمْلَاتَقْنَطُوامِن

رَّحْمَةِاللَّهِإِنَّاللَّهَيَغْفِرُالذُّنُوبَجَمِيعاًإِنَّهُهُوَالْغَفُورُالرَّحِيمُ

«Ей, (көп күнә жасап) өздеріне жаманшылық жасауда шектен шыққан құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер! Алла барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол  өте кешірімді, рақымды»[ Зүмер, 39/53.] - дейді.

Яғни, бір адам өмір бақи ұрлық жасап, кісі өлтірумен күн кешіп, бірақ өмірінің ақырында Алла Тағаланы танып, ықыласпен тәубе етсе, Рақымды Алла Тағала оның барлық күнәларын кешіреді дейді. Адам қанша тағылық жасаса да, енді мені кешпейді деп Алла Тағаланың рақымынан үмітін үзбеуі керек. 

0 пікір