Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 7
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 7
21.09.2019 14:43
500
0

(Қадар мен Қаза; әлемнің таңғажайып бір жүйе және жоспармен жаратылуы әрі жүзеге асып жатуы. Барлық нәрсе Аллаһтың бақылауында. Бақылаусыз еш нәрсе жоқ.)

Екінші Тағдырға иман келтіру:

قال الامام ابو حنيفة
خلقَ اللهُ تعالى الأشياءَ لا منْ شىءٍ . وكانَ اللهُ تعالى عالـمـًا في الأزَلِ بالأشياءِ قبلَ كونِـها، وهوَ الذي قدّرَ الأشياءَ وقضاها، ولا يكونُ في الدنيا ولا في الآخرةِ شىءٌ إلا بمشيئتِهِ وعلمِهِ وقضائِهِ وقدرِهِ وكتْبِهِ في اللوحِ المحفوظِ ولكنْ كتبُهُ بالوصفِ لا بالحكمِ. والقضاءُ والقدرُ والمشيئةُ صفاتُهُ في الأزلِ بلا كيفٍ، يعلمُ اللهُ تعالى المعدومَ في حالِ عدمِهِ معدومًا، ويعلمُ أنهُ كيفَ يكونُ إذا أوجدَهُ، ويعلمُ اللهُ تعالى الموجودَ في حالِ وجودِهِ موجودًا، ويعلمُ أنهُ كيفَ يكونُ فناؤُهُ، ويعلمُ اللهُ تعالى القائمَ في حالِ قيامِهِ قائمًا، وإذا قَعَدَ عَلِمَهُ قاعدًا في حالِ قعودِهِ منْ غيرِ أنْ يتغيرَ علمُهُ، أو يحدُثَ لهُ علمٌ، ولكنّ التغيُرُ واختلافَ الأحوالِ يحدثُ في المخلوقينَ


Имам Ағзам былай дейді:

 «Аллаһ, нәрселерді (бар) бір нәрседен жаратқан жоқ (жоқтан бар етті). Аллаһ, нәрселерді бар болуынан бұрын, ежелден білетін еді. Ол, нәрселерді тағдыр етуші (програмын жүктеуші) және (жоспарды) істетуші. Аллаһтың қалауы, ілмі, жазмышы, тағдыры және ләухул махфуздағы жазуы болмастан, осы дүние және ана дүниедегі ешбір нәрсе жүзеге аспайды. Бірақ Оның ләухул махфуздағы жазуы, үкім ретінде емес, уасф (сипаттау) ретінде жазулы. Жазмыш, тағдыр және қалау, Оның кейіп, пішіні (қалай екендігі), білінбейтін сипаттарынан болып табылады. Аллаһ, жоқ нәрсені жоқ күйінде жоқ ретінде біледі, оны жаратқан уақытында да қалай болатынын біледі. Бар нәрсені бар күйінде бар ретінде біледі, оның жоқ күйінде қалай болатынында анық біледі. Аллаһ, тұрғанның тұрысын, отырған кезде отырған күйін толық біледі. Барлық осы жағдайларда, Аллаһтың ілімінде ешбір өзгеріс немесе қосылу секілді еш нәрсе болмайды.  Өзгеріс және жағдайлардағы айырмашылықтар, кейіннен пайда болған жаратылыстарға тиесілі дүние.»

Ашықтау: Имам Ағзам, Тәухид сенімінен соң тағдыр мәселесін түсіндірмекке кірісті. Негізінде тағдырға иман келтіру де Тәухид сенімінің ішінде болып саналады. Өйткені тағдыр мен жазмыш; әлемнің/жаратылыстың бір жүйе және программен жаратылуы және жүйемен жүзеге асуы еді. Құран да Қамар сүресінің 49 аятында : (إنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ) «Біз барлық нәрсені бір өлшем (есеп,жүйе,програм) мен жараттық» деуде. Әлемдегі таңғажайып құбылыс әрі жүйелі жұмыс табиғат заңдылығы деген жорамалдың күлін көкке ұшыруда. Әлемнің жаратылысы және таңғажайып жүйелілігі әсте аяқасты кездейсоқтық өз өзінен пайда болған бір жүйе мүлдем емес. Кемшіліксіз бір хас ақыл, жүйе, программаның бәрі бір Күш және Құдретке мұқтаждығы хақ. Әйтпегенде бұл ғажайып әлемде шебер реттілік емес, жаппай жүйесіздік белең алары сөзсіз. Міне осы жүйе және тағдыр сенімін Имам Ағзам, Құран мен Сүннет аясында түсіндіріп бағуда. Осыған сай;

1– Аллаһ әлемді жоқтан бар етіп жаратты: Тағдырға иман келтірудің алғашқы шарты, Аллаһтың әлемді жоқтан бар етуіне иман келтіру. Бұл жарату күш және ілімі тек Аллаһқа ғана тиесілі. Аллаһ бұл жүйенің қорғалуы үшін тағы бір заң қойған; Физикалық заңдылықтар бойынша, жоқ болған бір нәрсе бар бола алмайды, бар болған бір нәрсе де жоқ болмайды. Аллаһтан басқа қандайда бір күш иесі бұл заңдылыққа қосымша немесе өзгеріс, жойып тастау ісін әсте жүргізе алмайды. Аллаһ бұл әлемді жоқтан бар еткеніндей, белгілі бір уақыттан соң жоқ етеді, жояды. Осының барлығы Аллаһтың шексіз шектеусіз күш құдретін және аса ілімін паш етуде.

А – Фатыр сүресінің  1 аятында (الْحَمْدُ لِلَّهِ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ) «Көктер мен жерді керемет жаратушы Аллаһқа хамд болсын...».
Ә – Зүмәр сүресінің 62 аятында  (اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ) «Аллаһ барлық нәрсені жаратушы.»

2 –   Аллаһ әлемді жаратудан бұрын, ежелден білетін еді. Тағдырға иман келтірудің екінші шарты, Аллаһтың барлық барша нәрсені ежелден білетініне, Оның ілімінің шексіз екендігіне иман келтіру болып табылады. Хадид сүресінің 3 аятында: (وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ) «Ол барлық нәрсені (үш шақ алты жағымен) білуші» делінген. Тб. аяттар өте көп.

3 – Аллаһтың тағдыры және жазмышы болмастан осы және ана дүниеде ешбір нәрсе жүзеге аспайды және тірішілігін жалғастыра алмайды. Тағдырға иман келтірудің үшінші шарты; Түгел нәрсе түптұқиясымен Аллаһтың қалауы, ілімі, жазмышы, және тағдыры, жоспары арқылы, барлығын әрі тірішілігін жалғастыратынына иман келтіру. Бұл дегеніміз Аллаһ үшін оп-оңай іс. Көптеген аятта және Нахл сүресінің 40 аятында: (إِنَّمَا قَوْلُنَا لِشَيْءٍ إِذَا أَرَدْنَاهُ أَنْ نَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ) «Бір нәрсенің болуын қалағанымызда, оған текқана «бол!» дейміз ол да бола қалады» делінген.

4 – Барлық нәрсе ләухул махфузда уасф,болады деп жазулы. Тағдырға иман келтірудің төртінші шарты, түгел нәрсенің барлық жоспардың әуелден ләухул махфуз деген бір жерде жазулы екендігене иман келтіру. Өйткені Юнус сүресінің 61 аятында: وَمَا يَعْزُبُ عَنْ رَبِّكَ مِنْ مِثْقَالِ ذَرَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَلَا أَصْغَرَ مِنْ ذَلِكَ وَلَا أَكْبَرَ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ «... аспан мен жердегі салмағы тозаңдай нәрсе де, одан кіші не үлкен болсын, Аллаһтан жасырын қалмайды. Олардың барлығы ләухул махфузда ашық жазылған.»

Сұрақ: «Егер барлық нәрсе ләухул махфузда жазылған болса; барлық нәрсенің үкімі шығарылыпты және адам баласының ешқандай қалауы, таңдауы жоқ дейміз бе? Бұл Жәбрия сеніміне сүйремей ме?

Жауап: Жоғарыдағы мәтінде Имам Ағзам, ақылға оралатын әрі Жәбрия сеніміне сүйреуі мүмкін бір сұраққа былайша жауап беруде: «Бірақ Оның ләухул махфуздағы жазуы үкім,бұйрық түрінде емес, Уасф түрінде жазулы.» Яғни ләухул махфузда жазылғандар «Былай болсын» деген үкім,әмір түрінде емес, «былай болады» деген сипаттау түрде жазулы програм жүктеген, орнатқанды.  Өйткені жазылуының үкім ретінде болғанын алға тарту, Аллаһтың әмірінің кешігуін алға тарту болып табылады. Бұл да Аллаһ үшін мүлде мүмкін емес. Өйткені Ол әмір еткен сәтте дереу бола қалады. Жазу сипат түрінде болғандықтан адам балалары қалау, таңдауларымен оқиға, жағдайларға сөзді және іспен көрсеткен іс-қимылдары Кирамин Кәтибин періштелер тарапынан жазылып әрі адамдар осылардан текқана шамалары жететін дүниелерден жауапкершілікке тартылады (Алиюл-Қари, Шәрхул Фиқһул Әкбар, 99).

А - Қамар сүресінің 51-53 аяттарында وَلَقَدْ أَهْلَكْنَا أَشْيَاعَكُمْ فَهَلْ مِنْ مُدَّكِرٍ - وَكُلُّ شَيْءٍ فَعَلُوهُ وَكُلُّ صَغِيرٍ وَكَبِيرٍ مُسْتَطَرٌ فِي الزُّبُرِ «Біз сендер сияқтыларды жойдық. Содан ғибрат алушы бар ма? Олардың барлық істеген ісі амал дәптерлерінде жазулы. Үлкен-кіші істерінің бәрі жазылғын.»
Ә – Инфитар сүресінің 10-12 аяттарында: وَإِنَّ عَلَيْكُمْ لَحَافِظِينَ - كِرَامًا كَاتِبِينَ - يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَ «Шынында сендердің үстеріңде бақылаушылар бар. Олар ардақты жазғыштар.»

Б – Нәжм сүресінің   39 аятында: وَأَنْ لَيْسَ لِلْإِنسَانِ إِلَّا مَا سَعَى «Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді.»

5 – Тағдыр, жазмыш және қалау (ирадә), Аллаһтың пішін, кейпі білінбейтін сипаттарынан болып табылады. Барлық нәрсе Аллаһтың қалауымен іске асады. Жақсылық пен жамандықты жаратушы Аллаһ. Бірақ қайырлы істерде Аллаһтың ризалығы бар, жамандық болған нәрселерде болса ризашылығы жоқ. Қалаулары бар жаратылыс (жуз ій ирадәларымен) адам немесе жын баласы бір нәрсе қалаған сәттерінде Аллаһ оны сынақ үшін жаратады. Міне осы нәзік айырмашылықты біліп, түсінбеген кісілер күнәларын басқаларға жабады.

Зұхруф сүресінің 20 аятында: 

 А - وَقَالُوا لَوْ شَاءَ الرَّحْمَانُ مَا عَبَدْنَاهُمْ مَا لَهُمْ بِذَلِكَ مِنْ عِلْمٍ إِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
«Олар: «Рақымды Аллаһ қаласа, біз оларға табынбас едік»дейді. Бұл туралы оларда білім жоқ. Олар судай өтірікті сапырады.»
Ә – Мәйда сүресінің 13 аятында:  فَبِمَا نَقْضِهِمْ مِيثَاقَهُمْ لَعَنَّاهُمْ وَجَعَلْنَا قُلُوبَهُمْ قَاسِيَةً يُحَرِّفُونَ الْكَلِمَ عَنْ مَوَاضِعِهِوَنَسُوا حَظًّا مِمَّا ذُكِّرُوا بِهِ)

«Серттерінен тайғандықтан, оларды қарғысқа қалдырып, тас жүрек етіп қойдық. Олар сөздерін өзгертті, өздеріне айтылған насихаттың кейбіреуін (жауапкершілік) ұмытты...»
Б – Ағраф сүресінің 100 аятында: أَوَلَمْ يَهْدِ لِلَّذِينَ يَرِثُونَ الْأَرْضَ مِنْ بَعْدِ أَهْلِهَا أَنْ لَوْ نَشَاءُ أَصَبْنَاهُمْ بِذُنُوبِهِمْ وَنَطْبَعُ عَلَى قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ «Жалпақ жердің бұрынғы иелерінен кейін оған мұрагер болғандардың, егер қаласақ, күнәларына қарай сазайын тартқызатындығымыз, көңіл көкейін бітеп тастайтындығымыз өздеріне аян болмады ма? Сондықтан олар естімейді.»

6 – Аллаһтың ілімі шексіз. Имам Әбу Ханифа, Аллаһтың ілімінің шексіздігін тағдырға иман келтіру аясында былайша түсіндіреді: «Аллаһ, жоқ нәрсені жоқ күйінде біледі, оны жаратқан сәтінде қалай болатынын анық біледі. Бар нәрсені, бар күйінде біледі, оның жоқ болған сәтінде қалай болатынын біледі. Аллаһ, түрегеп тұрғанды тұрған күйінде, отырған кезінде де отырған халін біледі. Барлық осы жағдайларда Аллаһтың ілімінде қандай бір өзгеріс, не болмаса қосылу, арту деген болмайды. Өзгеріс және жағдайлардағы айырмашылық, жаратылыс, махлуқтарға тән дүние.» Хадид сүресінің 3 аятында: ( وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ) «Ол Аллаһ барлық нәрсені білуші» деп келген.

Қорытындылайтын болсақ: 
Тағдырға иман келтіру а – Әлемнің жоқтан бар болуы және таңғажайып жаратылысы, ә – Барлық нәрсенің шексіз күш құдрет және ілім иесі болған Аллаһтың бақылауында болуы.
Толық қалау Оған тән. Адам баласы өздеріне берілген жуз ій қалау мен істегендерінен және жағдайларға іспен көрсеткен іс-қимылдарынан жауапқа тартылады.  Оларды тура жолға салу және осы жолда болулары үшін Аллаһ  Кітап және Елші жіберген. Кенже елші Мұхаммед (с.ғ.с) және соңғы кітап Құранда адамзат баласына ұласып жеткен соң бұл үрдіс аяқталған.

Адам баласының сөйлеген сөздері жасаған істері, Құран және Мұхаммед (с.ғ.с) ке иман немесе жоққа шығарулары, бағыныштары және қарсы шығулары Кирамин кәтибин періштелері тарапынан таспаға түсіріліп, жазылуда. Өлгеннен соң және ақыретте бұлардың сұрағы сөзсіз сұралып жауап алынады. Міне сондықтан Тағдырға иман келтіру сенімі: тәухид, рисалат, және ақырет сенімінен бөлінбестен бір иман негіздері болып табылады. Ең дұрысын Аллаһ біледі.

 

Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

0 пікір