ЗІКІРДІҢ ІЗГІЛІГІ
ЗІКІРДІҢ ІЗГІЛІГІ
17.01.2022 11:15
115
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) (Әнәстің анасы Үммү Сүләймге) былай деген: “Күнәлардан қоныс аудар (оларды таста). Өйткені бұл қоныс аударудың ең ізгісі. Парыздарды орындауды тоқтатпа. Өйткені ол жиһадтың ең ізгісі”. (Табәрани, әл-Мұғжам ул-кәбир)

Фатих Сұлтан Мехметтің ұстазы Ақшемседдин (қ.с.) бір еңбегінде былай жазады:

Aбдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай деген: “Aллa Тағала құлдарына парыз қылған әрбір ғибадат үшін белгілі шектеу қойған. Мұнымен қатар, оны бір себептен орындауға мүмкіншілігі жоқтарға жеңілдік жасаған. Бірақ зікір үшін ешқандай шектеу белгіленбеген. Есінен адасқандардан бөлек ешкімнің зікір етпеуге себебі жоқ. Күндіз бен түн, жер мен су, жол мен үй, науқас пен сау, кедей мен бай таңдамайды жария не іштен зікір етуге болады.

Aлланы зікір ету бүкіл ізгіліктің асылы. Мұны артынан күшті жау қуған адамға ұқсатуға болады; қашқан адам бекініске жетіп, бірден ішке кіріп қорғанады. Расында аятта былай баяндалады (мағынасы): “Ендеше, уақыт оздырмай, Аллаға жанұшыра жүгіріңдер..” (Зарият сүресі, 50-аят) Яғни Жаратушыны зікір етуші адам сол арқылы жауы шайтан мен нәпсінің жамандығынан Раббысын паналап қорғанады.

Зікір жүректі басқан тат пен ыстан тазарту, шайтанды қуу. Өйткені шайтан адамның жүрегіне уасуаса ұялату үшін келеді, пенде Алла Тағаланы зікір еткенде қашады. Егер зікірді қойса, жүрек қатаяды. Ішінде еш зікір жоқ жүрек тастан да бетер қатаяды.

Пенде зікір арқылы нәпсінің жамандығынан, әуесінен құтылып, зікірдің нұры жүрегіне құйылып жүрек тазарады. Солай болғасын зікір етуші адам зікірдің әр сатысында көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, ешбір жанның жүрегіне келмеген жәннат нығметінің ләззатын татады. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Жер жүзінде Алла Тағаланың жәннаты бар, оған кірген адамның Фирдаус жәннатының өзіне кіргісі келмей қалады” деген; сонда “Уа, Расулуллаһ! Oл не нәрсе?” деп сұрағанда; “Aллаға сүйіспеншілік және жүректің Жаратушы арқылы тыныштыққа бөленуі” дейді. 

Хадисте: “Кімде-кім жәннат бағына кіргісі келсе, Алланы көп зікір етсін” дейді. 

0 пікір