ЗІКІР
ЗІКІР
12.03.2019 15:22
467
0

 

ЗІКІР

Алла Тағала : «Ей, иман еткендер, Алланы көп-көп еске алыңдар»[1] деген.

Әбу Дардадан (р.а) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с) асхабынан: «Мен сендерге істеріңнің ең бір қайырлысы туралы, Иелеріңнің алдындағы ең бір тазасы, дәрежелеріңнің ең биігі, алтын-күміс бергендеріңнен де, дұшпандарыңмен жолығып, соғысқаннан да қайырлы бір іс туралы айтайын ба?» -деп сұрайды. Асхаб; « Ол не еді, уа, Расулалла?»- деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с): « Ол – даңқты һәм ұлық Алланы зікір етіп, еске алу»[2], деп жауап берді.

«Жер бетінде Аллаһ, Аллаһ деп зікір етушілер бар кезде қиямет болмайды»[3]

Зікір, Алла Тағалаға қауышудың негіздерінің бірі болып саналады. Құл мен оның Раббасының қарым-қатынасы тек көп-көп зікір айтумен нығайады.

Зікірдің түрлері

Зікір негізінде екі түрлі болады: Лисан-и зикр, яғни тілмен зікір, қалби зикр, яғни жүрекпен зікір.

Құл тілімен жиі зікір айтып жүрекпен зікірге жетеді. Әсер ету жүрекпен зікірге тән құбылыс. Құлдың рухани тәрбиесінде кәмілдік һалі жүрек пен тіл ұштасқанда ғана толыққанды болады.

Әбу Әли Дәккәк : «Зікір әулиеліктің димломы, зікірде жеңіске жеткенге бұл диплома беріледі, зікірден алыстаған әулиеліктен алыстайды»- деген. Тағы да зікір жайлы: «Алланы жүрекпен зікір ету мүриттердің қылышы, онымен нәпсі және шайтанмен соғысады, әр түрлі апаттардан сонымен қорғанады»- делінген.

Зуннун-и Мысри: «Кімде кім Алла Тағаланы лайығымен зікірететін болса, Алладан басқа барлық нәрсені ұмытады. Алла Тағалада оны барлық нәрседен қорғайды. Бұл құл үшін Алла барлық нәрсеге татиды»- деген.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жаннат бақтарына қарай асығыңдар (Рухани жемістерінен жеңдер)»,- деген кезде: «Уа, Алланың елшісі! Жаннат бақтары деп айтуыңыздың мағынасы не?»деген сұраққа Алла елшісі: «Алланы зікір ететін отырыстар»[4],- деп жауап берген.

Жабир бин Абдуллаһ (р.а): Бір күн Алланың елшісі қасымызға келді және былай деп бұйырды:

«Жаннат бақтарына қарай асығыңдар(Рухани жемістерінен жеңдер)»,- деген кезде: «Уа, Алланың елшісі! Жаннат бақтары деп айтуыңыздың мағынасы не?» - деген сұраққа Алланың елшісі (с.а.с):

«Зікір алқалары, тәңертең және кешке қатысыңдар және Алланы зікір етіңдер. Кім өзінің Алла алдындағы дәрежесін білуді талап етсе, ол өзінің Алла Тағаланы қаншалықты танитынына және қаншалықты жақсы көретініне назар аударсын. Расында Алла Тағала құылыны, оның өзіне көрсетке құрметіне және бағалауына қарай бағалайды»[5] - деген.

Зікірдің ерекшеліктері

Зікір уақыт пен мекен талғамайды. Әр уақытта зікір етуге болады. Құл, әр қашан зікір етумен міндеттелген, бұл міндет парыз немесе фазилет ретінде әрдайым жалғасатын міндет.

Намаз ғибадаттардың ең абзалы болуымен қатар, кейбір уақыттарда намаз оқуға тиым салынған. Жүрек пен зікір ету болса барлық уақыт және жағдайларда мүмкін. Алла Тағала Құран Кәрімде нағыз ақыл иелері жайлы:

«Олар (ақыл иелері) отырса да, тұрса да, жантайып жатса да Алланы еске алады»[6] - деген.

Зікірдің басқа бір ерекшілігі, зікірдің сыйы зікір болуы, Құл Раббысыны зікір еткенде, Раббысы да оны зікір етеді. Алла тағала қасиетті аятында:

«Сендер мені еске алсаңдар, мен де сендерді еске аламын»[7]- деген.

Сеһл бин Абдуллаһ-и Түстери: « Алла Тағала әр күні былай деп үндейді: Ей құлым! Мен жайында ынсапты болмадың. Мен сені  еске аламын,ал сен болсаң мені ұмытасың. Мен сені өзіме шақырамын, ал сен болсаң басқаға кетесің. Мен сені бәле-жаладан қорғаймын,ал сен болсаң күнәларға батасың. Ей, адам баласы! Ертең менің алдыма келгенде не деп жауап бересің?»-деген.

Хасан Басри да: «Рухани азықты үш нәрседен іздеңіздер: Намазда, зікірде және Құран оқуда. Егер осылардан тапсаңыздар өте жақсы, таппасаңыздар біліңіздер жүректеріңіздің қаттылығынан амал ету есігінің жабық болуында» - деген.

 

Ербол ШЫРЫНХАН

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ақытұлы Ғ., Ақытұлы М. Құран Кәрім және қазақша аудармасы, Астана 2018
  2. Спатай Қ. Мұхтасар Сахих Мүслім, Алматы 2013
  3. Дилавер С. Құшайри Рисаласы, Самарқанд, Ыстамбұл 2016
  4. Дилавер С. Герчек Тасаууф, Самарқанд, Ыстамбұл 2013
  5. Ислам Энциклопедиялық Анықтамалық, Алматы: Аруна, 2010


[1]Ахзаб 33/41

[2]Хаким, Мүстедрак 1/496

[3]Мұслим, Иман,

[4]Ахмед, Мүснәд, 3/150

[5]Хаким, Мүстедрак, 1/494-495

[6]Әли-Ғимран 3/191

[7]Бақара 2/152

0 пікір