Сырт келбет және тазалық
Сырт келбет және тазалық
11.10.2018 10:55
187
0

Ислам тазалық, нәзіктік әрі ұқыптылықты ту ететін дін. Дінімізде тазалық ішкі және сыртқы болып аула, ел жер қоршаған ортаны толық қамтиды. Хадисте сондықтан «Тазалық иманның жартысы» және де «Әй адамдар! Сөзсіз Аллаһ пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді» делінген. Діннің тірегі намаз дәретсіз қабыл болмауы неткен ғажап мәдениет. Су деңгейі жоқтың қасы Мекке де дәрет ғұсылдан сөз етілуі таңғаларға тұрарлық дүние.

Сырты мен іші қатар сұлу болса нұр үстіне нұр болар еді. Олай болмай жатса сырты бүтін іші түтіннің кебі. Күніміздегі бес баттам бояну, алба-жұлба шұрық-тесік киінудің құны қаншалық. Тоғыз қабат торқадан тоқты шегімнің терісі артық депті бұрын біреу, ки ана ішікті, сұлуынан жылуы деп бала кезімізде үлкендер зекіп жататын. Сырт көрініс, қырт көрініс дейтін бір қиқар ағамыз. Қожанасырдың етегін емес киімін түгел табаққа салғызатын күн қазір. Иә, «мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген мақал құнын еш жоятын емес. Сыртқы көрініске әбден қанып, алданып әрі малданып болғанымыз аян. Өтірік көлгірсуді, жағымпаздықты өнер деп бағалар күнгеде жеттік.

 Жеке адам мен қоғамдық рәсімдердегі ұқыптылық пен тәртіп маңызды негіздердің бірі болып саналады. Кемел дін Ислам адамның ішкі ұқыптылығына көңіл аударғандай, адам мен ислам қоғамының сыртқы ұқыптылығына да  көңіл бөледі.

 Таза әрі әдемі киім мен сыртқы ұқыптылық адам баласын жадыратады. «Сөзсіз Аллаһ тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды жақсы көреді» (Бақара сүресі – 222 аят). Өйткені тазалық пен сұлулық қуаныш пен шаттық әкеледі. Олардың әрқайсы өзіндік түр мен маңызға ие. Әр қоғамда  адамдардың  киімдерінің түрлілігі сол қоғамдағы мәдениетті көрсетеді. Бірақта «Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ақыреттен кәперсіз» (Рұм сүресі  – 7 аят) деген осы аят сырт көрініске ғана алданып, көзбен көріле қоймайтын ғайб әлеміне иман келтірмей, шырылдауық шегіртке ыршып жүріп ән салғанның кебін киіп, өтсе өмір зая екендігін баяндауда.

Адамзаттың арамза миынан, хайуанның қара қиы тазалығы басымырақ болар. Әр адамның киімі дін және ұлттық негіздерге сай болғаны жөн. Олай болмаса, адамның жергілікті, ұлттық және діни мәдениеттен алыстап, керісінше оның бөгде мәдениетке тәуелділігін әшкерлейді. Мұсылман адам айналасындағылардың сезімдеріне көңіл бөледі. Басқалардың алдында  ұқыпты болу - екінші жаққа деген құрметтің бірі әрі шыңы. Қасиетті Құран аяттарынан келтірер болсақ:

Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді. (Ағраф сүресі  – 31 аят).

Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді. (Қасас сүресі  – 77 аят)

“Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін” деді... (Сад сүресі  – 32 аят) бұл Сүлейман пайғамбар жайлы келген аят. Әр нығмет (көлік, үй, киім тб.лар) Жаратушыны еске түсіру үшін құнды екені меңзелуде.

Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай. (Хижр сүресі  – 88 аят). Кәпірлерге де мүмкіншілікті берген Аса рақымды Аллаһ. Ал жоғарыдағы аятта меңзелгендей ол нығметтер «Раббымызды еске салмаса» көз сүзгенмен не қайыр.

Аллаһ елшісі өмір бойы тазалықтың барлық түріне ерекше мән берген. Таза әрі әдемі киінуге, жұпар иіс себуге, сырт көзді мазалайтын көрініс, иіс әрі іс-қимылдан бойын мүлде аулақ салған.

Ұқыптылық  адамзат қоғамының тарихында әрқашан оған көңіл бөлінер орынды іс.  Ұқыптылық адамның ішкі болмысынан тамырланады.

Риуаяттар бойынша: «Ақиық елші түнде әсем иісінен танылатұғын» (Дәрими, Муқаддимә 10).

Расында, Исламның гигиеналық нұсқаулары кіршіксіз таза болуды көздейді.

Өйткені, Игі елші дүниеде өзіне жұпар иістің сүйдірілгенін айтатын. (Нәсә-ій, Ишәратун-Ниса, 10;  Ахмед бин Ханбәл, III, 128, 199).

Бір хадисінде: «Үмбетіме ауыр соғады-ау демегенімде әр намаздың алдында мисуакпен тіс тазалап тұруды бұйырар едім» (Бұхари, Жұма, 8).

Сыртқы ұқыптылық, киімнің тазалығы, шаштың ұқыптылығы, үйі мен жұмыс орнының жинақы болуы адамның ішкі тәртібі мен жақсы талғамының белгісі. Бірде Аллаһ елшісі мешітте отырғанда жанына шашы сақалы ұйпа-тұйпа бір кісі жетіп келеді. Ардақты елші қолымен ол кісіге шашын, сақалын түзелтуін ымдады (Муатта, Шаър, 7; Бәйхақи, Шуғаб, V, 225). Тағы бірде Қадірлі елші шашы басы үрпиіп кеткен бір кісіні көріп, таңданысын жасыра алмай:  -  «Бұл кісі неге шашын жуып тарамайды» деді.

Кір қожалақ киім киген бір кісіні көрген кезде:

-  «Бұл кісі киім кешегін жуатын су таба алмады ме екен?» деу арқылы мұсылмандардың тап таза әрі ұқыпты болулары керектігін ашық білдірді (Әбу Дәуіт, Либас 14/4062; Нәсә-ій, Зинәт, 60).

Еліміз таза, жұртымыз аман болсын!

«Мұса-мырза» мешітінің ұстазы:

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

 

0 пікір