Соңғы өкініш пайда бермейді
Соңғы өкініш пайда бермейді
25.07.2019 12:54
266
0

Кейде, қолымыздағы уақыттың жеткілікті болатындығын ойлап істерімізді кешіктіреміз. Кейде, істеген ісіміздің жаман нәтиже тудыруына мән бермей, немесе қалай болса да оны реттейміз деп ойлап қателік жасаймыз. Алайда, санаулы уақыт тез өтіп, қателігіміз, реттеу мүмкін болмайтын зарар  тудыруы мүмкін.

Сылтауратқан жамандық пен зарарды түзету мүмкіндігінің қалмағандығының, істің бақылаудан шыққандығын түсінген кезімізде бәрі кеш болуы мүмкін. Адам баласы істеген нәрселерінің не болмаса істемей кешіктірген нәрселерінің қателік екендігін түсініп «әттең» деп қалады. «Әттең басқаша болғанда». Алайда бұл соңғы өкініштің нәтижені өзгертетін еш ықпалы болмайды.

Өкпе ауруына шалдыққан адамның, «шылымнан бұрынырақ бас тартуым керек еді» деп өкінуі, аурудан құтылуға себеп болмайды.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қартаймай тұрып жастықтың, ауырмай тұрып денсаулықтың, кедейліктен бұрын байлықтың, жұмыстан бұрын бос уақыттың және өлім келмей тұрып өмірдің бағасын білуге шақырады. (Хаким, «Мүстәдрак»,ІҮ,341)

 

0 пікір