СІЗ БІРЕУГЕ КӨМЕКТЕСУ ҮШІН ЖОЛЫҢЫЗДАН ҚАЛЫП КӨРДІҢІЗ БЕ?
СІЗ БІРЕУГЕ КӨМЕКТЕСУ ҮШІН ЖОЛЫҢЫЗДАН ҚАЛЫП КӨРДІҢІЗ БЕ?
16.02.2019 13:04
1804
0

1948 жылы Ұлыбританиядағы Сток Мандевиль емханасының дәрігері Людвиг Гутман екінші дүниежүзілік соғыстан мүгедек болып оралған ағылшын ардагерлерін жинап, спорт жарыстарын ұйымдастырады. Бұл ойын 1952 жылдан бастап «Сток Мандевиль ойындары» ретінде мүгедектер арасындағы жыл сайын  ұйымдастырылып отырды.  Араға сегіз жыл салып Халықаралық олимпиада комитеті Римде өткен олимпиада ойындарынан соң мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы олимпиаданы да өткізіп, оған

«Паралимпиада» деген мәртебе берген екен.  Алғашқы ресми паралимпиадаға 23 елден 400 спортшы қатысыпты.

 Ал 1976 жылдан бастап әртүрлі жағдайда жарымжан болған азаматтар да паралимпиадаға қатыса бастайды.  Паралимпиадаға  мүгедектер арбасына таңылғандар, қолы немесе аяғы жансыз адамдар, ақыл-есі кем жандар, зағип спортшылар қатыса алады. Сонымен қатар Паралимпиадаға  ұмытшақтықпен ауыратын, бет әлпеті бұзылған, еріндері қоянжырық болып туған адамдар да қатыса алады.

Бірнеше жылдың алдында  болған Паралимпиада ойындарының бірінде 100 метрлік жүгіріске қатысу үшін 9 мүгедек спортшы старт алаңында сақадай сайланып тұрады. Белгі берілісімен барлығы да алға ұмтылды, бәрінің де чемпион болуға  үміттенетіні анық. Алайда, шыға бере бір жас жігіт сүрініп кетіп мұрттай ұшты да ойбай салып жылай бастапты. Сол кезде  басқа 8 бәсекелестері түгелдей оған бұрылып қарайды да, айналып жігіттің жанына келеді. Даун синдромымен  ауыратын  жас қыз еңкейіп жігіттің бетінен сүйеді де барлығы қолтықтасып көмбеге дейін бірге жүгіріп барған екен.  Стадионда жиналған көрермендер түгелдей орнынан тұрып,  ұзақ уақыт қол соғып тұрып алады. Араларында көз жасына ерік бергендер де көп болыпты. Бұл оқиғаны көргендер осы күнге дейін естеріне  алып айтып отырады екен.

...Иә, Сіз жалпы біреуге көмектесу үшін өз бағытыңызды өзгертіп

жолыңыздан қалып көрдіңіз бе, немесе, жүрісіңізді баяулатып біреуді  қолтығынан  демеп...

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір