ШҮКІР ЕТУГЕ МӘЖБҮРМІН!
ШҮКІР ЕТУГЕ МӘЖБҮРМІН!
22.09.2019 11:51
423
0

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мақтаулар мен  мадақтар  әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтасы болған, көркем мінездің кілті болған пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлемдер болғай!

Мен шүкіршілік етуге мәжбүрмін! Себебін сұрасаңыз былый:

 Жалпы шүкіршілік дегенімз не?

Шүкіршілік – адамның барды қанағат  тұтып, жаратылыс хикметінен ғибрат алып, тәубаға келуі. Һәм Раббысына толық бой ұсынуы.  Шүкіршілік адамның кемелденуіне жаратушысынан жарылқау тілеп, адамшылық келбетін айқындай түсетін қасиет. Шүкіршілік барға қанағат етумен тоқталмай, жаратылыс хикметіне терең бойлап, өзінің бұл жалғанда  бар болуына, жарық дүниені көріп, тіршілік жасауына Құдайға құлшылық  етуінен көрінеді.

Ал қалай шүкір етеміз?

Алла Тағала өзінің Құран кітабында шүкіршілік етудің бірнеше жолдарын көрсеткен.

Ең әуелі «Ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» (Ж. Баласағұн),- десе, Ұлы шейх Абдул-Қадир Гейләни (р.а.) былай айтқан:  «Алла Тағаланың бізге нәсіп еткен нығметтері үшін шүкір етуіміз керек. Шүкір етудің үш түрі бар. Олар: тілмен, жүрекпен және барлық мүшемен  шүкір ету». деген.

Ендеше 1-де. Тілмен шүкір ету. Жаратылған дүниелердің бәрі де Аллаға тән деп мойындау. Бізбен сізге  жақсылық әкелетін жолдардың бәрі Алладан екендігін жете түсіну. Барлығын Беруші, барлығын Жаратушы, барлығын Жасаушы, барлығын Жеткізуші – Жаратушы Жалғыз Алла ғана  екенін білу.  Міне осының бәрін берген Алла ғана шүкіршілік айтуға лайық. Осы тұрғысында Алла Тағала Құран Кәрімнің Бәләд сүресінде:

أَلَمْ نَجْعَلْ لَهُ عَيْنَيْنِ، وَلِسَاناً وَشَفَتَيْنِ

«Біз оған  (көрсін деп) екі бірдей көз  бермедік пе? (сөйлесін деп) бір тіл, қос ерін (бермедік пе)»,-  десе, тағы бір аятында нығыметті түсіндіре келе былый деген;


الرَّحْمَنُ، عَلَّمَ الْقُرْآنَ، خَلَقَ الْأِنْسَانَ، عَلَّمَهُ الْبَيَانَ

«Рахман,(Алла)! (Адамдар мен жындарға) Құранды үйретті. Адамды (жоқтан) жаратты. Оған сөйлеуді үйретті.»

 Осы аяттарды оқып біле тұрып,  қалай шүкір етуге мәжбүр болмасқа.

2-де.Жүрекпен шүкір ету. Жаратылған пенденің бойында бар барлық ішкі, сыртқы нәрсе немесе оның амалдары – мұның бәрі де Алланың мейірімі екенін түсіну қажет. Жүрекпен шүкір ету – осыған сену, осыған иман келтіру және осыған іштей құштар болу. Алла Тағала Қасиетті Құранның Нахл сүресінде:

وَمَا بِكُم مِّن نِّعْمَةٍ فَمِنَ اللّهِ ثُمَّ إِذَا مَسَّكُمُ الضُّرُّ فَإِلَيْهِ تَجْأَرُونَ

«Сендерге әр нығмет Алладан. Сонан кейін сендерге зиян жетсе, сонда оған жалбарынасыңдар»,- десе келесі бір аятында:

أَلَمْ تَرَوْا أَنَّ اللهَ سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَيْكُمْ نِعَمَهُ ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً وَمِنَ النَّاسِ مَن يُجَادِلُ فِي اللهِ

بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلاَ هُدًى وَلاَ كِتَابٍ مُّنِيرٍ

«Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады» (Лұқман сүресі).

3-де. Барлық  ағза мүшелермен шүкір ету. Адам өз бойындағы барлық дене мүшелерін Аллаға құлшылық етуге пайдалануы да шүкіршіліктің мәжбүрлі түрі.

  Себебі көзбен Алланаң нығыметтерін, әсем жаратылыстарын, алыспен жақынды, ақ пен қараны ажыратып, ең үлкен нығыметі ай жарығын,  күн сәулесін, тіпті Құранға  көз жүгіртудің өзі жеке бір құлшылық һәм Аллаға шүкірлік болса керек!. Осының барлығын біле тұрып, Алланың нақ шебер аса рақымды екенін жүрекпен сезіп, көзбен көріп  өзімізге берген нығыметтеріне шүкіршілік етуден басқа шарамыз қалмасы анық.  Сонымен қатар еститін құлақ, ұстауға қол, жүруге аяқтың өзі қаншама нығымен, екенін бұл мүшелері жоқ адамдардан ақ байқауға болады.  Бұл туралы Құранға (Лұқман сүресінің 12-аят) назар салсақ:

وَلَقَدْ آتَيْنَا لُقْمَانَ الْحِكْمَةَ أَنِ اشْكُرْ لِلَّهِ وَمَن يَشْكُرْ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ اللهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ

«Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді.  Ал кім күпірлік қылса,шүбәсіз, Алла – Ғани (ешкімнің шүкіршілігіне мұқтаж емес,бар байлықтың, түгесілмес қазыналардың жалғыз иесі), Хамид (бар мақтау мен шексіз шүкіршілікке әбден лайық)»

Олай болса Ұлы Имам Әл-Ғазали (р.а.) -дың мына бір сөзімен қортынды жасауға болады:

 «Егер келесі сөздерді тек тілмен ғана айтар болсаңыз, онда оның мәні мен мағынасы сіздің жүрегіңізге ұяламағаны, ендеше сол үшін сауап аламын деп ойламаңыз.

«СубханАлла» - Алланы дәріптеу үшін қолданылады, яғни  Алла барлық кемшілік атаулыдан ада дегенді білдіреді.

«Лә иләһә ил Алла» - бірқұдайылықты білдіреді.

 Ал «Әлхамдулиллә» - өмірде бар барлық нығметтің  Алла Тағаладан екендігіне куәлік береді. Осының бәріне ой жүгіртіп, жете түсіну қажет». Әрі сансыз шүкіршілік айта білуде  керек.

              Ақжол ИСАБЕКҰЛЫ,

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы

 

 

 

0 пікір