ШАЙТАННАН ХАТ
ШАЙТАННАН ХАТ
08.04.2020 13:20
1446
0

Сенің кеше күнделікті істеріңмен айналысып отырғаныңды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күн өткіздің. Тіптен тамақты жеп болып, жатар алдында да шүкір етпей жаттың. 

Өте пәс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды, бірақ сені әлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Алланы ұнатпағаным үшін жек көремін. 

Алла мені жәннаттан қуғаны үшін сені пайдаланамын. Сені Алланың маған жасағандарын қайтарып алғанға дейін пайдаланамын... сосын жоқ болып кетсең де бәрібір. 

Білемісің, ақымақ, Алла сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бәрін қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді быт-шыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаға ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екенімді Аллаға сенің арқаңда көрсетемін. 

Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат сөздер айтқанымыз, есерлі дискотекаларға баратынымыз, ұрлық жасайтынымыз?.. Есіңде ме қалай екіжүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткеніміз, өтірік айтқандарымыз, арақ-шарап ішкеніміз?.. Мешітке бармайтынбыз, намаздан қашатынбыз... Осылардың бәріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді, ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық! 

Бұл хатты саған қаншалықты мән бергенімді айтуға және өміріңнің үлкен бөлімін маған сыйлағаның үшін алғыс айтқалы жазып отырмын. Ақымақ, саған күлкім келеді. Жасағандарың менің өзіме де жиіркенішті. Сен осы жолыңнан тайма. Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті үйрет, мешіт орнына дискотекаға жол көрсет. Жастардың қасында сен осылардың бәрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар еліктеуші ғой. 

Ал әзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундта қайта қасыңа ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тәубе етіп, қалған бірнеше жылдық өміріңді Алланың қасында өткізуге тырысар едің. Біреуге ақыл айту жаратылысымда жоқ нәрсе, бірақ сені танимын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның әлі де күнәлардан әлі де арылмай жүргені ақымақтық болса да. Мені дұрыс түсін, сен әлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең, осы хатым жайлы ешкімге айтпа. Өлім бізді қосқанға дейін... Хи-хи-хи! Ха-ха-ха!..

 

0 пікір