САУАБЫ МОЛ ҒИБАДАТ
САУАБЫ МОЛ ҒИБАДАТ
17.06.2021 13:43
600
0

Бiр заманда Жебiрейiл перiште Алла разылығы үшiн 2 рәкәт намазды 70 жыл бойы тұрып оқиды. 70 жыл аз уақыт емес, ал оның мәңгiлiк әлемiндегi уақыт екенiн ескерсек бiздiңше ондаған мыңжылдықтар шықпай ма?

Оқып болып:

 «Алла риза болды ма екен?» - деп сұрапты.

Сонда Алла Тағала:

 - Сен әрине ғибадат етесiң. Өйткенi, Менi де, тозақ пен жәннатты да көрiп жүрсiң. Бiр замандарда адамдар жаратамын. Олар не менi, не тозақты, не жәннатты көрмей-ақ иман келтiредi, намаз оқиды. Олар өмiр сүрiп жатқан уақыт көз iлеспес шапшаңдықпен жылжитын болады. Талай қиыншылықтармен алыса жүрiп, асыға жүрiп оқыған солардың намаздары сенiкiне қарағанда әлденеше есе сауапты болмақ, - дептi.


 

0 пікір