САН МЫҢ СЫНАҚ
САН МЫҢ СЫНАҚ
10.04.2020 11:16
306
0

Бізді өміріміздің соңына дейін менмендік пен нәпсіқұмарлықтан сан мың сынақпен тәрбиелеген Хақ Тағала бұл ақиқатты былай түсіндіреді: 

Расында, (Пайғамбарыма бағынып-бағынбағандарыңды іріктеу және сендерге деген нығметімді толықтыру үшін) сендерді біраз қорқытып, (біраз) ашықтырып, (тағы біраз) малдарың мен жандарыңды (өліммен) және өнімдеріңді (шаруаларыңды) кемітіп сынаймыз. Сабыр қылғандарды (ілтипатым және жақсылығыммен) қуандырып қой (Бақара сүресі, 155-аят).

 Менмендікке беріліп бұл сынақтардан сәтті өте алмау – тым үлкен қасірет. Кейбір адамдар бұл сынақтардың ішінде дел-сал болып жүреді. Өзінің кемшіліктері мен жүрегінің көрлігін Алладан көруге дейін барады. Мұндай сорақылықты Алла Тағала былай түсіндіреді: 

Адам деген сондай – қашан Раббыcы оны сынап, сыйлы-абыройлы етсе және жарылқаса, ол: «Раббым мені сыйлы-абыройлы етті», - дейді. 

- Ал Раббы оны сынап, ризығын тапшы қылса «Раббым меніқор қылды», - дейді (Фәжр сүресі, 15-16 аяттар). 

Алайда Хақ Тағала құлдарының разылық көрсетуін, молшылықта берегендікпен шүкіршілік етуін, ал таршылықта мақтау айтып сабырлы болуын қалайды. Демек, үнемі басымызға түскен сынақтарды алдымен дұрыс түсініп, кейін соған қарай өзімізді есепке алуымыз қажет.

 

0 пікір