РИЗЫҚТЫ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?
РИЗЫҚТЫ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?
29.06.2021 10:40
779
0

 Алла Тағала және Оның Елшісі (с.ғ.с.) бізге ризықты арттыратын нәрселерді баяндап берген. Ол үшін төмендегі себептерді жасап, оған сай әрекет ету керек:

  1) Тақуалық әрі Алладан шынайы қорқу.

 Алла Тағала Құранда былай дейді:

  وَمَنيَتَّقِٱللَّهَيَجۡعَللَّهُۥمَخۡرَجٗا٢وَيَرۡزُقۡهُمِنۡحَيۡثُلَايَحۡتَسِبُۚوَمَنيَتَوَكَّلۡعَلَىٱللَّهِفَهُوَحَسۡبُهُۥٓۚإِنَّٱللَّهَبَٰلِغُأَمۡرِهِۦۚقَدۡجَعَلَٱللَّهُلِكُلِّشَيۡءٖقَدۡرٗا٣ 

 «Ал кім Алладан қорықса, оған (қиындықтан) шығар жол жасайды. Әрі (Алла) оған ойламаған жерден ризық береді. һәм кім Аллаға тәуекел етсе, Ол оған жеткілікті! Шындығында, Алла – Өз ісін (ақырына дейін) жеткізуші. Алла әрбір нәрсенің мөлшерін белгілеген»[1]. 

2) Туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу. Әнас ибн Мәліктен жеткен риуаятта ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын естідім дейді:  «Кімде-кім ризық-несібесінің молаюын әрі өмірі ұзақ болуын қаласа, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін»[2].  3)

 «Истиғфарды»[3] көп айту.

 Алла Тағала Құранда:

  فَقُلۡتُٱسۡتَغۡفِرُواْرَبَّكُمۡإِنَّهُۥكَانَغَفَّارٗا١٠يُرۡسِلِٱلسَّمَآءَعَلَيۡكُممِّدۡرَارٗا١١وَيُمۡدِدۡكُمبِأَمۡوَٰلٖوَبَنِينَوَيَجۡعَللَّكُمۡجَنَّٰتٖوَيَجۡعَللَّكُمۡأَنۡهَٰرٗا١٢

 «Һәм (оларға) былай деді: «Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, расында, Ол Аса Кешірімшіл! (Сонда) (Алла) сендерге аспанды [жаңбырды] нөсерлете жібереді, һәм сендерді мал-мүлікпен және балалармен қолдайды да, сендер үшін (жер бетінде) бақтар жасайды әрі сендер үшін өзендер жасайды»»[4] - дейді. 

 4) Дұғаны көбірек жасау.

Әли (р.а) жеткен риуаятта оған бір «Мукатиб»[5] келеді де:

  «Мен мына келісімді ары қарай жалғастыруыма шамам келмей жатыр, маған көмектес» деп сұрайды.

 Әли (р.а.): «Мен саған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған үйреткен сөздерді үйретейін бе? Егер сенің таудай қарызың болса да, (ол дұғаны айтып жүрсең) Алла қарызыңнан құтқарады.

Ол: اللَّهُمَّاكْفِنِيبِحَلَالِكَعَنْحَرَامِكَ،وَأَغْنِنِيبِفَضْلِكَعَمَّنْسِوَاكَ

«Аллаһуммә әкфини бихаләликә ән харамика уә ағнини би фадликә аммән сиуакә».

 «Я, Раббым! Мені халалға қанағат етіп, харамдардан сақтанатын ете гөр және ұлылығыңмен Сенен басқаға мұқтаж болудан сақтай гөр» - деп айтуың»[6] - дейді.    

 

  [1]«Талақ» сүресі, 2-3 аяттар. 

 [2]Бұхари риуаяты. 

 [3]Яғни, Аладан кешірім сұрап, өзіне жарылқау тілеу.

  [4]«Нұһ» сүресі, 10-12 аяттар.

 [5]Қожайынымен белгілі қаражатқа бас бостандығын алуға келісім жасаған құл. 

 [6]Термизи риуаяты. 


 

0 пікір