РИЯНЫҢ КЕСІРІ
РИЯНЫҢ КЕСІРІ
21.09.2021 13:47
226
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Қиямет күнінде Алла Тағалаға ең сүйкімді және мәртебе жағынан оған ең жақын болғаны – әділ басшылар». («Сүнән Термизи»)

Әбу Һүрайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Қиямет күні Алла Тағала пенделерінің арасында төрелік ету үшін өзін көрсетеді, сол кезде барлық үмбеттер тізерлеп тұрады. Әуелі үш адамды шақырады:

 Қасиетті Құранды жаттаған қари, Алла жолында өлтірілгенше күрескенді және көптеген мал-мүлікке ие болған адамды.

Алла Тағала Құран оқығаннан сұрайды:

«Саған Пайғамбарға жіберген кітабымды үйреткен жоқпын ба?».

«Үйреттің, Раббым!» - дейді.

«Саған үйреткендерімен амал еттің ба?» - деп сұрайды.

Ол: «Уа, Раббым! Мен сенің кітабыңды күні - түні оқыдым» - деді.

Алла Тағала: «Сен өтірік айттың» - дейді.

Періштелер де: «Өтірік айттың» - дейді.

Сол кезде  Алла Тағала былай деп айтады: «Сен Құранды «Оны жақсы оқиды» - деп айту үшін оқыдың. Шынында да, ол сөз саған айтылды».

Дүниесі көп адам әкелінеді. Алла Тағала оны да сүраққа тұтады:

«Мен саған көп байлық бермедім бе? Мен сені ешкімге мұқтаж етпедім».

«Иә, Раббым» - дейді ол.

Алла Тағала тағы да сұрайды:

«Мен саған берген байлықты не істедің?».

Ол: «Уа, Раббым! Туған-туыстарға бердім, садақа бердім» - дейді.

 Алла Тағала: «Сен өтірік айттың» - дейді.

Періштелер де: «Өтірік айттың» - дейді.

 Сонда, Алла Тағала: «Сен жұрттың: «Қандай жомарт адам» - деп айтуларын қалайтын едің, солай деп те айтылды» - дейді.

Бұлардан соң Алла жолында қайтыс болған адам әкелінеді.

Алла Тағала оған: «Не үшін өлтірілдің?» - деп сұрайды.

Ол: «Уа, Алла! Мен, сенің жолыңда күрестім. Мен өлгенше сен үшін күрескенмін!» - дейді.

Алла Тағала оған: «Сен өтірік айттың» - дейді.

 Періштелер де: «Сен өтірік айттың» - дейді.

Алла оған: «Жоқ! Керісінше, сен: «ол қалай батыл адам» - деп айтулары үшін күрестің, саған солай деп ет айтылды» - дейді. 

Сосын Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолын тіземе қойып, былай деді:

 «Уа, Әбу Һүрайра! Қиямет күні тозақтың оты алғаш осы үшеуімен тұтатылады!».

 

0 пікір